Главная » Статьи » Мои статьи

ЕРСАРЫ ДЕГЕН КІМ?

ЕРСАРЫ ДЕГЕН КІМ?
Қазақстанның батыс өңіріне белгілі шежіреші Алшын Меңдәлиевтің айтуынша, Маңғыстауда Пыштанайды Ерсары деп атаған. Үстірт өңірінде сонадайдан адырайып көрінетін «Ерсарының қайрағы» деп аталатын биік тас бар.


Кезінде Исатай ауданында тұрған ұстаз Сырым Мұханбетов (марқұм) әңгіменің орайында былай дегені бар: баяғыда Маңғыстауда Қосай батырдың жылқысын түркіменнің Сары деген батырының жылқышылары барымталап кетеді. Бұдан кейін Қосай үндемейді. Адайлар Қосайды Сарыдан қорыққаны деп ұғады. Содан арада үш күн өткенде Қосайдың жылқыларын шашау шығармай кері айдап Сары батыр келеді, Қосайдан кешірім сұрайды. Қосай батыр екеуі өмір бойы достықта болуға уағдаласады. Сол кезден бастап Сарыны маңғыстаулықтар Ерсары деп атап кеткен деседі.
Маңғыстауда Өзен мен Талаққа аяғын тіреп, Сенек тауын жастанып, ұзындығы сексен шақырым аумақта Ерсары деген алып жатыр. Сонда бұл Ерсары кім? Ақтаудағы белгілі журналист, өлкетанушы, жазушы Әбілқайыр Спанов: «Ерсары XII ғасырда өмір сүрген түркімен тайпасының көсемі», - деді. Ал, одан бірнеше ғасыр бұрын өмір сүрген түркімендерде де Қосай деген есім бар...
- Алшын Меңдәлиевтің Пыштанайды Маңғыстауда Ерсары батыр деп атаған деген пікіріне не айтасыз?
- Жаңсақ пікір... — деп Әбекең тікесінен айтты.

Категория: Мои статьи | Добавил: Aziat (20.05.2016)
Просмотров: 2640 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar