Жүз — орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы.
Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз

Ұлы жүзге САРЫ ҮЙСІН, ҚАҢЛЫ, АЛБАН, СУАН, ДУЛАТ, ЖАЛАЙЫР, СІРГЕЛІ, ЫСТЫ, ОШАҚТЫ, ШАНЫШҚЫЛЫ тайпалары кіреді,

Орта жүзге АРҒЫН, НАЙМАН, ҚЫПШАҚ, КЕРЕЙ, УАҚ, ҚОҢЫРАТ тайпалары,

Кіші жүзге БАЙҰЛЫ, ЖЕТІРУ, ӘЛІМҰЛЫ рулары кірген.

Ұлы жүзді – « ҮЙСІН», Орта жүзді – «АРҒЫН», Кіші жүзді – «АЛШЫН» деп атап кеткен.

БЕКАРЫС (Кіші жүз) --> АЛШЫН --> АЛАУ БАТЫР --> ҚЫДУАР --> Қыдырқожа, Сәдірқожа, Нәдірқожа.

Қыдырқожадан өрбитін ұрпақты он екі ата БАЙҰЛЫ деп аталған.

Жыршы, Адай Қашаған Күржіманұлы (1841- 1929ж) «Ата тек» атты шығармасында :

...Қыдырқожа бай екен,

Төрт түлігі сай екен.

Мал, перзенті көп екен,

Бай демектің мысалы,

Содан қалған сөз екен... деп, жырлапты.


БАЙҰЛЫНА: ШЕРКЕШ, ЫСЫҚ, АЛАША, ТАНА, ҚЫЗЫЛҚҰРТ, МАСҚАР, АДАЙ, ТАЗ, ЕСЕНТЕМІР, БАЙБАҚТЫ, ЖАППАС, БЕРІШ.

Беріштен – Байбақты, Байсейіт.

Байбақтыдан- СЕБЕК, ЕСЕН, ҚҰЛКЕШ, БЕГІС.

Асылбастан –Себек, Жаңбыршы. Шақайдан-Есен, Женет. Құсылбастан-Қожай,Қосай, Жанай, Жанбике.Қожайдан -Бөлек, Қосайдан-Пыштанай(Шабанқара). Жанайдан-Құлкеш. Жанбикеден – Бегіс, Жайық, Есенғұл, Тілестен-Қаратоқай, Бөкен.

Байсейіттен- Жайық, Есенқұл, Қаратоқай аталары шығады

Себек, Есен, Күлкеш, Бегіс, Жайық, Есенғұл, Қаратоқай аталықтарын «Жеті баулы Беріш» деп атаған.


Саламатсыздарма ТУМАЛАР........

Сайт жаңа құрылып жатыр...........

Материалдар уақыт өте келе толықтырылады.........

 

Жеті ұрпақты білмейміз

Әлі күнге көбіміз.

Және бізге беймәлім

Біздің ата-тегіміз. ... Әрі қарай оқу»

Просмотров: 8948 | Добавил: Aziat | Дата: 19.05.2016 | Комментарии (0)