Қаратоқай
(Беріш – Байсейіт – Тілесұлы)
(1580-1710 ж.ж. шамамен)
XVII – ғасыр қазақтардың сыртқы жауларға қарсы қаһармандық күресінің дәуірі болған. Бұл кездегі ең басты жау, тарихтан белгілі, Тобыл бойынша ығысқан қалмақтар еді. Олар қытай боғдыхандарының аяусыз қырғынына шыдамай Еділдің төменгі сағасына дейін босып келген еді. Енді оларға қазақтардың жері мен малы керек болды. Сөйтіп ел тыныштығын кетірген, ауыр шайқас басталған болатын.
Тарихта қалмақтардың қазақтарға қарсы соғысы 1525 жылы басталып, үзілмелі – созылмалы сипат ала отырып, 1757 жылы күйреп жеңіліп бас игенге дейін созылған. 1771 жылы ел болудан қалған соң олардың көпшілігі Жоңғарияға ауа көшіп кеткен. Қазақ елі қалмақтармен болған соғысты «200 жылдық соғыс» деп атаған.
Қаратоқай бабамыз – қалмақтарға қарсы жорықтарға шыққан батырлардың бірі. Ол 110 жастан асқанда дүние салған, жерленген жері қазіргі «Қарабала қауымы» деп аталатын зиратта, Атырау облысының, Қызылқоға ауданы, Қарабау – Тайсойған өңіріндегі биік төбеде.
Балалары: Андағұл, Байқожа, Айтқожа, Саназар, Қошетер.
Қаратоқай ұрпақтарының алғашқы мекені – Тайсойған, Қарабай, Бүйрек, Сарыкөл, Қаракөл, Дендер, Ойыл, Жем – Сағыз, Жайық, Қиыл және Қайнар бойлары.