Главная » Доска объявлений » Ел таныған Беріштер

Аманғалиева Ұлдай
Информация | 01.07.2016, 09:51

Аманғалиева Ұлдай-1938 жылы 24 тамызда Тума ауылында дүниеге келген. Әкесі Сүйіналиев Аманғали Индер руднигінің бірінші рудкомы болған, әнші «Тілеуқабақ» әнін Мәскеуде шырқаған екен. 1946 жылы «Алғашық» ауылында 1-4 сыныпты, 5-9 сыныпты Индерде, 10 сыныпты Гурьевте Абай орта мектебінен бітірген.  Алғашқы еңбек жолын Гурьев балық консерв комбинатында жұмысшы болып бастайды. Жастайынан әнші атанған Ұлдай көркемөнерпаздар үйірмесіне қатыса жүріп, әншілігімен елге танылады. Ең алғаш үлкен сахнаға «Баянауыл» әнімен шығып, әнші болып таныла бастайды. Бүкіл Дүниежүзілік жастар мен студентердің 6-шы фестивалінің 1957 жылығы дипломанты. Өнердегі ұстазы А.Ф. Хмель болатын. 1960 жылы «Ән қанатында» атты киноға түсіп, республика жұртшылығы жылы қабылдады. Аудан мәдениетінің бастауында осы сала ардагерлері Абдолла Мусағалиев, Ә.Есқалиев, Қанапаш Махметова, М. Қарасаев, Қ.Өмірбаева, М. Есқазиев, Т.Үсенғалиев, Қ.Қарақұлов есімдерімен қатар, «күміс көмей" әнші Ұлдай есімі аудан тарихында алтын әріппен жазылды.  Ұлдай апа республикалық, облыстық, аудандық байқауларының гран-при жеңімпазы, Бүкіл одақтың фестивалінің 3-дүркін лауреаты атанды. 1971 жылы 7 өлеңі пластинкаға жазылып алынды. Автоклуб меңгерушісі, аудандық мәдениет үйінің әдіскері міндеттерін абыроймен атқарды. 1992 жылы  «Қазақстанның  еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағы берілді.  Еңбек демалысында бола тұра «Ару – ана» әжелер тобын ұйымдастырып,  талай тамаша концерт беріп, байқауларда жеңімпаз атанды. Өзінің шығарған «Өрлеу» атты күйі бар, оны домбырашы Нысанов Серік орындап жүр. Жеңістің 70 жылдығында «Ардагерлер әуені» фестиваліне қатысып, «Шаттық көңіл» термесін орындады.

Қазір  республикалық дәрежедегі зейнеткер, «Индер ауданының құрметті азаматы», Индерборда тұрады.

Добавил: Aziat | Контактное лицо: Зәки Ахметжан Ахметжанұлы | Телефон: 87016480561. (87112-54-40-37)
Просмотров: 1763 | Размещено до: 31.12.2019 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar