Главная » Доска объявлений » Ел таныған Беріштер |
Информация | | 01.07.2016, 09:43 |
Қамашев Қасан-14.12.1933 жылы дүниеге келген. Қиындыққа шыңдалған жастың білімге құштарлығы сол Жалғансайдан Жаманқалаға жаяу барып оқып,интернатта сан ұлт өкілдерімен бірге жатып есейді.Қазақтың тау-кен институтын бітірген. 1956-1976 жылдары Индер геологиялық барлау экспедициясында геолог, ағагеолог, партия басшысы, 1976-1989 жылы бас инженері болып қызмет жасаған. Ол 1964 жылы N.25 ұңғысы бұрғыланып, өте құнды борат кенін тапқан. Сатимола кен орнын ашу, 99 кен игеру, тұз күмбездерін ашу оның есімімен тығыз байланысты. Дендер күмбезіндегі мол қазба байлығының әр тасы мен тұзын қолмен ұстап, оның сапасын, құрамын, қаншаға жететінін есептеп, жатқа соғатын «Кен орнын алғаш ашушы» белгісінің екі мәрте иегері, ауданның Құрметті азаматы Қасан Қамашұлыболатын. Индер геологиялық-барлау экспедициясында 23 жыл геолог, 13 жыл бас инженер болып жұмыс істеп, 1989 жылы 53 өтілмен зейнеткерлікке шыққан «Қазба байлықты барлаудың үздігі» белгісінің иегері, Каспий маңы мен Сәтимола күмбезіндегі бор, борлы калийлі тұздарды іздеу, барлау мәселелеріне арнап, әріптестерімен біріге 8 ғылыми еңбек,16 геологиялық талдау есебінің авторы атанды.1991-1997 ж «Кен орнын алғаш ашушы». «Қазба байлықты барлаудың үздігі», бірнеше медальдармен марапатталған. 2005 жылдан Қазақстан Республикасының Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі. Индердің байлағын зерттеуге 53 жылын арнаған Қасан ағаның марапаттар да аз емес. Ол Қазақ КСР-інің Құрмет грамотасымен, «Айбынды еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен тағы да басқа марапттардың иегері. Зейнеткер, Индер ауданының Құрметті азаматы. Индерде тұрады. Олардың ұл-қызы Қамбар мен Ләззаттың өздері бүгінде өмірден өз орындарын тауып, ата-анасына немере-жиендерін сүйдіріп отыр. | |
Просмотров: 1448 | Размещено до: 31.12.2017 | |
Всего комментариев: 0 | |