Главная » Доска объявлений » Ел таныған Беріштер

Қапанов Хисмет Қапанұлы
Информация | 09.06.2016, 09:39

Қапанов Хисмет Қапанұлы- 1925 жылы 25 қарашада Орал облысының Жәнібек ауданында  Азғыр ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі Қапан ұста болған. Руы Беріш-Жаңбыршы Себек. Хисмет Камен ауданының Кулакова орта мектебін үздік бітіріп, еңбек жолын тракторшы болып бастайды. 1943 жылы Ұлы Отан соғысына өз еркімен аттанып, Әскери Әуе десанты құрамында  болған. Карель, Украин майдандарында, Венгрия, Чехия, Австрияны азат етуге қатысып,  28 рет жау тылына түскен, ержүрек  барлаушы. Ерлігі үшін бірнеше орден, ондаған медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін Абай атындағы  қазақ педагогикалық  институтының тарих факультетін үздік бітіріп, 1950-1958 жылдары Ақтөбе қаласында, кейін Орал  педагогикалық институтында  дәріс берген. 1963 жылдан бастап Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтында жұмыс істеп, институтың негізін қалаушылардың бірі. С.М. Киров атындағы мемлекеттік университетінде 1962 жылы КПСС тарихы бойынша  кандидаттық диссертация қорғаған ғалым. Қазақстан тарихы бойынша  жүздеген ғылыми басылымдардың авторы.

Жолдасы Абдулова Батима Қожантайқызымен екеуі бір қыз екі ұл тәрбиелеп өсірген ұлағатты абзал ата-ана.  Ұлдары Қайнар Хисметұлы – тарих ғылымдарының кандидаты,  Хайдары – философия ғылымдарының кандидаты, Салтанат Талғатбекқызы- экономика ғылымдарының  докторы. Олар М.В. Ломоносов атындағы ММУ- нің түлектері. Хайдар мен Салтанат ОХГ-ның негізін қалаған ғалымдар. 2014 жылы Орал халықаралық гимназиясына  Хисмет Қапановтың аты берілді.

Добавил: Aziat | Контактное лицо: Зәки Ахметжан Ахметжанұлы | Телефон: 87016480561. (87112-54-40-37)
Просмотров: 1156 | Размещено до: 31.12.2017 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar