Главная » Доска объявлений » Ел таныған Беріштер |
Информация | | 01.07.2016, 09:45 |
Ибрайым Жақияұлы 1936 жылдың 24 сәуірінде Горы ауылында дүниеге келген. 1946 жылы Толыбай мектебінде 1-сыныпқа барып, 2-7 сыныптарды Горы жетіжылдық мектебінде, 8-9 сыныпты Жамбыл атындғы орта мектепте, 10 сыныпты 1955-56 жылы Елтай орта мектебінен бітірген.1956-59 жылдары Ақтөбедегі №91 кең ауқымды а/шучилищесін үздік бітіріп, «Тракторист-комбайнер» мамандығын алған.1959-1962 жылдары әскер қатарына алынған. 1962 жылы Индердегі автобазаданIII классты шофер мамандығын алып шығады. 1962-1966 жылы Горы орталау мектебінде интернат тәрбиешісі, мұғалім. 1966-1971 жылдары Аманкелді с-з аккумуляторшы, тракторшылар бригадирі, кадр бөлімінің инженері, 1971 жылы Ленин атындағы орта мектепте тарих, дене тәрбиесі, бейнелеу өнері, өндірістік оқу пәнінің мұғалімі, класстан тыс тәрбие жұмыстарының меңгерушісі болып жұмыс жасайды.Гурьев педагогикалық институтын бітірген. «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. Ақын, жүзден аса туындылары мен көлемді өлең-очерктері баспасөз бетінде жарық көріп, оқырман қауымнан оң бағасын алған. Жұбайы Сәнния екеуі бір қыз,екі ұл тәрбиелеп өсіріп, олардан жеті немере, үш жиен көрген ата. Жан әке. Шарпылтып жердің бетін жалын-өртке, Шерлетіп адамзатты қайғы-дертке. Сұрапыл басталғанда қанды соғыс, Бала едім шығып тұрған үштен төртке. Сол соғыс талай туыс жанды айырған, Қазақ ең қарапайым мал қайырған. Қорғауға өз еліңді, Отаныңды, Сол жылы сен де аттандың Толыбайдан. Жан әке, сол кеткеннен оралмадың, Ұяңа ұшқан қайта қона алмадың. «Көрсем деп қызығыңды» айтушы едің, Қалды ғой орындалмай ол арманың. Оралды елге солдат, жауды жеңді, Деп күттік сені дағы келер енді. Көрініп кетсең қайтеді ең болмаса, Бір искеп маңдайынан немереңді.
9 мамыр 1975 жыл
Асыл анам. Жан анам, ардақты анам, Ешқашан қиындыққа жасымаған. Қайткенде борышыңды өтер екем, Әлпештеп арқаңа сап асыраған. Кездесіп фашизмдей кесірге анық, Әкеден қалдым мен де бесімде анық. Жан ана, сен де тарттың, жан азабын, Жиырма жеті жасыңда жесір қалып. Бірақ сен қиындыққа мойымадың, Дау айтар шек келтіріп оныңа кім. Жоқтатпай әке орнына әке болып, Өсірдің дарытпай-ақ бойыма мін. Болса да ары таза, баталы жан, Оралмай әке кетті сапарынан. Жарыңнан қалған мұра жалғызыңды, Баулыдың кем қалдырмай қатарынан. Кездесті жоқшылықтың қандайы да, Жол шектің жердің алыс шалғайына. Деуші едің: «кірген тікен табаныңа, қадалсын менің дағы таңдайыма». Көп болды ел ырысқа кенелгелі, Қосылып біз қатарға теңелгелі. Не пайда табиғаттың қатал заңы, Айырды мәңгілікке сенен мені. Сен едің панасы мол асқар адам, Қамқоршы қайда өзіңдей басқа маған. Төрт бөліп түн ұйқыңды еміренген, Қайтенде ақ сүтіңді ақтай алам.
Соңғы қоңырау Күміс күн көктен құйғанда нұрын елжіреп, Он жыл бұрын тұлымшақ шаштарың желбіреп. Гүл ұстап дәл осы жерде тұрдыңдар, Сәбилік оймен қарақат көздерің мөлдіреп. Содан бері өтіпті жылдар дүрмекпен, Уақыт, шіркін, осындай сен жүрдек пе ең?! Міне, бүгін соғылды соңғы қоңырау, Тағы да бүгін қарап тұр күліп күн көктен. Он жыл бойы білімге қандық нәр алып, Өтіп те кетті бал дәурен, шатты балалық. Күтіп тұр алда ұлы еңбек атты зор майдан, «Нұрлы жол» құрылыстары – сан алып. Ер жеттің бүгін кәмелетке толып есейіп, Еңбекке кіріс, сыбанып білек, төселіп. Қайда жүрсек те Отанның адал ұлы боп, Ақ жүрек, адал азамат болып өсейік. Елтай ауылы, 2014 жыл. | |
Просмотров: 1375 | Размещено до: 31.12.2017 | |
Всего комментариев: 0 | |