Главная » Доска объявлений » Ел таныған Беріштер |
Информация | | 01.07.2016, 09:54 |
Әлия Бекежанқызы Дәулетбаева-1977 жылы 14 қарашада Өрлік ауылында дүниеге келген. Х. Досмұқамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты. Б.Момышұлының 100 жылдығына арналған «Мен Бауыржанды жырлаймын», Төле бидің 350 жылдығына арналған жыр мүшәйрасының жүлдегері. Халықаралық «Шығыс шынары» жыр мүшәйраларының Т. Ысмайлов атындағы сыйлығын иеленген. Өлеңдері «Ақберен», «Жанартау» ұжымдық жинақтарына енгізілген. Республикалық «Қазақ әдебиеті», «Тұмар», «Жамбыл», Ақжайық», «Алтын орда», т.б. басылымдарда жарық көрген. Әлияның 2013 жылы « Сол бір сәуле» өлеңдер жинағы жарық көрді. Қ. Абақанұлы атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Өрлік селосында тұрады.
ФАРИЗАҒА! Армысың апа, Бармысың апа, байсалдым. Жырыңмен отты оясыздарға ой салдың, Албырт жандардың жалын арманын маздатты, Сіздің қаламнан қастерлі сезім, қайсар мұң. Сәттерде кейбір сәбише өксіп көз ілген, Жырыңнан ылғи жұбаныш, апа, іздеймін. Тосқауыл болмай телегей-теңіз сезімге. Тентек жүрекке терең сүңгіді сіздей кім! Тілдестім сізбен, Жанарда жауһар-шық тұрды. Көлгерсу емес, шыбын жанымдай шын сырым. Асқақ сезіммен, сіздей кім, апа, ұқтырды, Қыз-ғұмырлардың тұңғиығы мен тылсымын. Бір тілің –Шындық! Енді бір тілің –Уақыт, Алайда сыршыл нәзіктігіңді сағындым. Жүрген жайым бар өзімді-өзім жұбатып, Жырыңмен сенің, жыртығын жамап жанымның.
Жарқ етіп келдімдүниеге мынау жасын боп, Жырымнан сосын жарық жалғанға шашылды от. Құныққандар мен құныкерлердің қоғамы, Мұңымды артып қайтейін саған масыл боп.
Шатырым-аспан, жер үсті- менің баспанам, Бөлектеу дастан бастағым келді басқадан. Ажалды пенде баса алмас асқақ кеудемді, Жаратушының әмірі ғана жасқаған. Сардар далама сыймай өтермін, сірә, мен, Сөздің киесі-ұятым, арым, күнәм ең, Өнердің құны бір тиын болған заманда Өлермендікпен өртеніп жаздым бір өлең. Зәулім үйлермен өлшеніп барлық құндылық, Шерменде шындық шегенде қалды шыңғырып. Ұятсыз түске боянған кезде жыр-әлем, Ұлтым деп жылап жыр жазунеткен жындылық!... Тіміскің көп қой түбіне жеткен тектінің, Керанау қоғам, сондықтан саған кектімін. Есіл ерлердің есесі кеткен дүние, Жарылқайтұғын әлі де сенің жоқ түрің. | |
Просмотров: 1953 | Размещено до: 31.12.2017 | |
Всего комментариев: 0 | |