Главная » Доска объявлений » Ел таныған Беріштер

Мүтәлиев Рашид Отарұлы
Информация | 09.06.2016, 10:09

Мүтәлиев Рашид Отарұлы -1928 жылы  Зеленый селосында дүниеге келген. Исатай Тайманов орта мектебін үздік  бітіріп, Гурьев теңіз техникумына түседі. Жанұя жағдайына байланысты оқуды бітіруге жағдай болмағандықтан, балық комбинатына  карточка бюросына жұмысқа орналасады.  Сөйтіп облыстық карточка бюросы инспекторының көмекшісі, инспекторы қызметін  мінсіз атқарады. 1949 жылы Отан алдындағы борышын Қиыр шығыстағы шекарада аға телеграфист болған. 1952 жылы оны Гурьев балық комбинаты басшылығы тамақтандыру жүйесі төрағаның орынбасары етіп тағайындайды. 1956 жылы Алматыдағы сатушы дайындайтын 2 жылдық  мектепті бітіреді.

Балықшылар кооперативі төрағасының орынбасарына жоғарлатылады. Өндірістен қол үзбей жүріп, Москвадағы тұтынушылар одағының институтын бітіріп экономист мамандығын алады. «Казкульторг» базасының, облыстық тұтынушылар басқармасының директоры қызметін атқарған. Сауда саласындағы 45 жылғы еңбегі елеусіз қалмай орден, медальдармен, әртүрлі грамоталармен марапатталған.

1992 жылы Балықшы аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы ретіндегі жұмысы бір төбе. ҚР мүгедектер қоғамының 2-ші съезіне қатысқан.  Еңбек ете жүріп Балықшы аймақтық Соғыс және Еңбек ардагерлерінің алқа мүшесі болып, жастарға патриоттық тәрбие беруде тынымсыз еңбектенді.  Жұмыскер поселкесінің бір көшесіне Рашид Мүтәлиевтің есімі берілдген. Жұбайы Күлбараш екеуі 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірген, ұлағатты ата-ана. Диляра-заңгер, , Ариясы-сауда саласында, Дәрежесі-п.ғ.к. доцент. Нұрланы-Ұлттық компания қызметкері, Нұржаны-жеке кәсіпкер, Ақылбегі-Атырауда кеден қызметкері. Он немересі мен жиендері, шөберелері желкілдеп өсіп келеді. Атырауда тұрады.

Добавил: Aziat | Контактное лицо: Зәки Ахметжан Ахметжанұлы | Телефон: 87016480561. (87112-54-40-37)
Просмотров: 1024 | Размещено до: 31.12.2017 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar