Главная » Доска объявлений » Ел таныған Беріштер

Насыров Ғилымғали
Информация | 09.06.2016, 09:59

Насыров Ғилымғали 1937 жылы Тума ауылда дүниеге келген.  Орта мектеп бітірісімен  әкесіне көмекші болып, мал шаруашылығында  еңбек жолын бастаған. 

Әке таяғын ұстаған озат малбегі, өндірістен қол үзбей жүріп  Гурьев  ауыл шаруашылығы техникумын тамамдайды. Ұзақ жыл  Ленин орденді "Передовик" колхозында жылқышы болған.

Жылма-жыл үздік табыстарға қол жеткізіп, аудандық, облыстық Кеңестің депутаты болып бірнеше рет сайланады.

1986 жылы «Қазақ ҚСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты» атанды. Ғилымғали облыс, аудан көлеміне танымал тұлға, жылма-жыл Өрлік селосында әлеуметтік аз қамтылған отбасы жанұяларына көмек қолын созып, ондаған бас мал үлестіріп меценаттық жасаған азамат. «Индер ауданының Құрметті азаматы».    Балалары Өрлік ауылында тұрады.         

Добавил: Aziat | Контактное лицо: Зәки Ахметжан Ахметжанұлы | Телефон: 87016480561. (87112-54-40-37)
Просмотров: 957 | Размещено до: 31.12.2017 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar