Главная » Доска объявлений » Ел таныған Беріштер

Сатқанов Сағат Мұхитұлы
Информация | 01.07.2016, 10:04

Сатқанов Сағат Мұхитұлы- 1956 жылы, 1-ші көкекте Тумада   дүниеге келген. Әкесі Мұқит 1929 жылы Тума ауыл кеңесінде туып, ғұмырын Ленин орденді «Передовик» ұжымшарында жылқышы болды.Сағат 1963-1973 жылдары Өрлік орта мектебін бітіріп енбек жолын «Передовик»  ұжымшарында жылқышы,  1974-75  жылдары Атыраудағы № 12 кәсіптік техникалық колледжде, электр құрылғыларын құрастырушы мамандығын алған. 1975-78 жылдары  Солтүстік Әскерей Теңіз Флотында борышын өтеп, Атыраудағы ГНХС мекемесінің ЖКО-сында электрик болып  жасады. 1978-79 жылдары Алматыдағы КазПТИ-дің дайындық курсынан кейін, 1979-84 жылдары, Алматы Сәулет құрылыс институтын, сәулетші мамандығы бойынша бітірген. 1984-1993 жылдары Атыраудағы «КАЗЗАПСЕЛЬПРОЕКТ» кейіннен «УРАЛЬСКГОРСЕЛЬРОЕКТ», «АТЫРАУЖОБА»жобалау институтында қатардағы сәулетшіден, бөлім бастығы лауазымына  дейін жеткен. 1993-2001 жылдары әртүрлі коммерциялық құрылымдарда қызмет етіп,   2000      жылдан бастап лицензия алып, сәулет  құрылыс  саласында жобалаушы кәсіпкер болып еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішіндегі кәсіпкерлік саласында қол жеткізген творчестволық жетістіктері Атырау қаласы сәулетіне қосқан үлесі үшін «Қазақстанның құрметті сәулетшісі» төсбелгісімен марапатталған. Сәулет саласындағы туындыларын интернеттегі; www. archisat.kz сайтынан көруге болады

 

Добавил: Aziat | Контактное лицо: Зәки Ахметжан Ахметжанұлы | Телефон: 87016480561. (87112-54-40-37)
Просмотров: 1341 | Размещено до: 31.12.2017 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar