Сатан Таңқашұлы Шөреев- 1925 жылы, 10 наурызда Гурьевте дүниеге келген. Гурьевте №3 мектепті бітіріп, 1941 жылы облыстық прокуратурада хатшы болған. 1942 жылы Оралда, Одесса жаяу әскер учелищесінде оқып, Украйна майданына түседі. Оңтүстік-Батыс майданында жарақаттанып, госпитальда бір жыл емделеді. 1944 жылы Челябинскде танк полк құрамында, 1945 жылдың аяғына дейін Шығыс Пруссияда 2-ші Белоруссия майданында танкист болады. Польшаны азат ету кезінде аяғынан жарақат алып, елге оралып, облыстық прокуратурада жұмысын жалғастырған. Алматы мемлекеттік Заң институтын бітіріп, 1949-50 жылы Новобогат ауданы прокурорының көмекшісі, 1950-53 жылы облыстық прокуратура басқармасының бастығы, 1953-64 жылы Жылой ауданы, 1964-74 жылы Атырау, 1975-85 жылы Балықшы ауданы прокуроры болған. С. Шөреев қызметін әділет (полковник) кеңесші шенімен аяқтайды, Қазақ КСРО еңбек сіңірген заңгері. «Ерлігі үшін», Ұ.О.С-ның 1-ші дәрежелі ордені мен 7 медальдыңиегері. Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткер 63 жасында дүниеден озды, Атырауда бір көшеге есімі берілген. |