Тұхфатов Қасым- 1933 жылы 9 ақпанда Махамбет ауданы, Бақсай ауылында дүниеге келген. 1955 жылы Қазақ тау-кен институтын бітірген. Өндіріс жетекшісі, геолог, геология-минералогия ғылымының кандидаты ғылыми атағын қорғаған. Индер күмбезінің шикізат қорын барлау және игеруді ұйымдастырушылардың бірі. 1964-82 жылы Индер геологиялық барлау экспедициясында геолог, 1982-87 жылы бас геологы болған. Екі монографиясы, 30 геологиялық талдаудың авторы. «Құрмет белгісі» орденімен, «КСРО құрметті кен барлаушысы» , «Кен барлау ісінің үздігі», Индер, Сатимола борат, тұз кендерін тапқаны үшін «Кен орнын алғаш ашушы» белгісімен марапатталған. Индерде Тұхфатов Қасым есімімен аталатын көше бар. №99 Қасым Тұхфатов атындағы кен орыны Индер,Сәтимола борат және Индер ас тұзы кендерін алғаш ашқаны үшін үш дүркін «Қазақстан республикасының кен орнын алғашқы ашушы» атанған, есімі республикалық Алтын Құрмет кітабына жазылған, «КСРО-ның Құрметті кен барлаушысы»Қасым аға Тұхфатовтың адал да нақты еңбегінің жемісін кейінгілердің әлі де көре берері анық. Өйткені, ол елі үшін еңбек еткен азамат еді. |