Главная » Доска объявлений » Ел таныған Беріштер |
Информация | | 01.07.2016, 10:00 |
Тұхпатов Бауыржан Зәйденұлы- 1967 жылы Атырауда дүниеге келген. 1985 жылы №18 орта мектепті бітірген жылы Ивановодағы В.И.Ленин атындығы энергетикалық институтқа түскен. 1986-1988 жылдарда Кеңес армиясында Отан алдындағы борышын өтейді. 1992 жылы институтты аяқтағаннан кейін «Атырауэнерго кәсіпорнына Орталық рельелік қорғау, автоматика және өлшеу қызметіне инженер болып қабылданған. Өндірістен қол үзбей 2005 жылы Атырау Мұнай және Газ институтының «Экономика және Мұнай Газ саласындағы кәсіпорындарда басқару», инженер-экономист мамандығын алған. 1992-97 жылдарда бастығының орынбасары, 2000 жылы «Атырау РЭК» АҚ-да Өндірістік-техникалық қызметі бастығы бас инженерінің орынбасары, 2004 жылы «Атырау-Жарық» АҚ-да бас метролог, 2004-2006 жылы Бірінші тете-президенттің орынбасары, 2006-2013жылы «ОблТрансГаз» КМК-да бас директор қызметін атқарған. 2013-14 жылдарда Жылой, Махат аудандары әкімінің орынбасары болды, 2007-13 жылдары Атырау қаласы мәсихатының 4-5 шақырылуының депутаты болды. 2010 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімімен техника ғылымдарының кандидаты дәрежесі берілді. Елбасының «Алғыс хаты», «Нұр Отан» ХДП алғыс хатымен және 2009 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 2010 жылы «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» атағы, « Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі, 2012 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталды. Өмір сүру қауіпсіздігі және Экология халықаралық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі. «М.В. Ломоносов» атындағы медалдің иегері. 2013 жылдан «Атырау Мұнай және Газ институтының» Қамқоршылық кеңесінің төрағасы. Жанұялы, зайыбы Гүлшат Сисенқызы екеуі 3 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы, Атырауда тұрады. | |
Просмотров: 1472 | Размещено до: 31.12.2017 | |
Всего комментариев: 0 | |