Главная » Доска объявлений » Ел таныған Беріштер |
Информация | | 30.03.2023, 17:57 |
Тәжіғалиев Елубай (Беріш - Есенғұл) 1941 жылы 13 қазанда Гурьев облысы Индер ауданы Жарсуат ауылында дүниеге келген. Мектеп бітірген соң Алматы зооветеринарлық институтына оқуға түсіп 1965 жылы бітіріп шығады. Сол жылы Алматы шет тілдері факультетінің түлегі Тәжіғалиева Тамарамен шаңырақ құрып, туып өскен ауылындағы Жамбыл кеңшарына зоотехник болып қызметке кіреді. Шаруашылықта мал басы санын көбейту, мал тұқымын асылдандырумен айналысып, 1969 жылы Гурьев облыстық партия комитетінің жолдауымен Мәскеу қаласында партия мектебін бітіреді. Содан кейін Ленинградта болған каракуль терісін сұрыптау, малды қалай бағып, бағдар беретін жиналысқа (следьқа) қатысып келеді. Жұбайы сол Жарсуат ауылында шет тілі, яғни ағылшын тілі пәнінен мұғалім болып жұмысқа орналасады. Үш ұл, екі қыз тәрбиелеген. Ұл қыздары әр саланың мамандары. 1970 жылы мал шаруашылығы жөнінде Алматы қаласында өткен жиналысқа шақырылып, асыл тұқымды мал басын көбейту бағытында істелген жұмыстары үшін Қазақ ССР грамотасымен марапатталады. 1979 жылы аудандағы «Переводик» кеңшарына бас зоотехник болып кызметке тағайындалады. Сол кезде 5 жылдық план дейтін болатын, соларды артығымен орындайтын. Жаңа келген мамандарға дәріс тәрбие, бағыт-бағдар беріп тәжірибелерімен бөліскен. Осы «Переводик» кеңшарынан зейнетке шығып 2009 жылы дүниеден өтті. | |
Просмотров: 481 | Размещено до: 30.12.2027 | |
Всего комментариев: 0 | |