Главная » Доска объявлений » Ел таныған Беріштер |
Информация | | 01.07.2016, 10:13 |
Телағисов Дабыс -еңбек жолын 1954 жылы Есбол ауданыны Индербор арнаулы комендатурасында комендант болып бастаған. Дабыс Қанатұлы Телагисов әр жылдары ауданымызда қылмысты іздестірубөлімінің аға оперативті қызметкері, ал 1966-69 жылдары аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы жұмыстарын да табысты атқарғанын білетінбіз. «Советский милиционер Дабыс Телагисов» атты мақалада бұл жайлармен қатар жерлесіміз туралы басқа да көптеген мәліметтер келтіріліген. Жалпы 1976 жылы денсаулығына байланысты атқарып жүрген жұмысынан босағанподполковник Д.Телагисовтың ерлікке толы өмір жолынан бүгінгі жастардың үйренері аз емес. -Менде Дабыс аға туралы жазылған Алматыдан 1967 жылы шыққан «Көк шинельділер» деген кітап бар. Оған кілең ішкі істер бөлімінде еңбек етіп жүргенде ерлік жасағандар туралы мәліметтержинақталған. Сол кітаптың 189 бетінде «Жизнь на волоске» деген бөлімі Дабыс Телагисовтың қасындағы капитан Жолдас Сисенов екеуінің қауіпті рецидивисті ауыздықтау кезіндегі көрсеткен ерлігі бейнеленген,-деп еске алады Мысыров Хами ағамыз....1926 жылы туған қос жігіт әскер қатарынан оралысымен еңбек жолын да тәртіп сақшысы болып бірге бастайды, тіпті КПСС қатарынан да біргеқабылданады. Құқық қорғау саласына қажетті заңды да бірге игерген екі жастың бірі капитан Жолдас Сисенов пен майор Дабыс Телагисов Гурьев облысы Балықшы аудандық ішкі істер бөлімінде бірге жұмыс жасаған. 1965 жылы 7 қыркүйектегі түндебір күдіктінітексеру барысында бұларды итеріп жіберіп қашады. Бірақ қашқын құтылмасын білді ме қаруын суырыпалып бұларға қарай оқ жаудырады. Оқ Дабыстың қолына, Жолдастың кеудесіне тиеді. Жаралы болса да,сол маңға келген тұрғындардың көмегімен қарулы бандитті ұстайды. Сөйтіп, кәнігі ұры ауыздықталады. Осы ерліктері үшін қос офицер КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен наградталғанды.Ішкі істер бөлімінде істеген жылдары Д.Телагисов ҚазКСР II министрлігінің 12 медалімен наградталып, Құрмет кітабына есімі енгізілген. Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен, тағы да басқа бірнешенаградалармен марапатталыпты. Дабыс ағаның 1969-1973 жылдардағы Өзен аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы болғандағы жұмыстарын әріптестері әлі күнге аңыз қылып айтатын көрінеді. Маң далада жаңа ашылған ауданның ішкі істер бөлімін ұйымдастырғанқызметкердің мазасыз тірлігін таңдана да тамсана баяндаған мақаласында, оны, (1972 жылы одақтық «Советская милиция»» журналында) милиция полковнигі А.Никольский егжей-тегжейіне дейін баяндапты. Жаңа ауданның қоғамдық тәртібін сақтауға жиналған 18 милиция қызметкері өз міндеттерін мінсіз атқарғанымен қоймай, өздеріне кеңсеғимаратын салып, айналасын жасыл желекке айналдырған.Бұл аудандағы алғашқы жасыл желек болатын деп тамсана жазды. Өйткені, өз мамандықтарына шын берілген Б.Қапашев, М.Қуанов, М.Ибраев, М.Шәріпқалиев, С.Нәженов, Б.Рамазанов, т.б. қызметкерлер Дабыс Тегалисовтың басшылығымен біркісідей жұмыла еңбек еткен-ді. Кейіннен Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасына басшылық жұмысына ауысты, Индер, Махамбет, Балықшы және Теңіз аудандарында да табысты еңбек еткенінәріптестері, К.Асанов,К.Ғабдуллин, К.Келджанов, Р.Құлжігітов, С.Құрманқұлов, Х.Мысыровтар айтып жүр. «Оның еңбек жолы туралы мәліметтерді біздің Индер аудандық ішкі істер бөліміндегі ерлік даңқы бөлмесіне жинастырып қойылды»,-деген болатын ардагерлер кеңесінің төрағасы.Тәртіп сақшысының мазасыз тірлігін бір кісідей-ақ бастан өткерген ДабысҚанатұлы жұбайы Оксана Мусиевна екеуі отбасында алты ұл тәрбиелеп өсірген. Жұбайы да ішкі істер бөлімінде жұмыс істегендіктен де болар, олар бірін-бірін жоқтатпай ұрпақ тәрбиесіне аса мұқият қарауға ұмтылады. Маңғыстау облыстық ішкі істер саласының қызметкерлері мен ардагерлері Отан алдындағы антына адал болудың шынайы үлгісін танытқан әріптестері Дабыс Телагисовты қалай ардақ тұтса, оған индерліктер де орынды мақтаныш сезімін білдіреді. | |
Просмотров: 1553 | Размещено до: 31.12.2017 | |
Всего комментариев: 0 | |