Главная » Доска объявлений » Ел таныған Беріштер

Өтепов Сапарғали
Информация | 09.06.2016, 09:42

Өтепов Сапарғали- 1930 жылы 9 қыркүйекте Есболауданы Тума ауылда дүниеге келген. Еңбек жолын 1945 жылы Коминтерн атындағы колхозда бастаған. Ол жетінші класты бітірген соң он бес жасында жылқышы болды.Ідіріс, Шәріп сынды еңбек ардагерлерінен үйрене, сабақ ала жүріп, зерделі де жігерлі жас жігіт мал бағуда ерекше ыждағаттылық, шеберлік көрсетті. 1945-1948 жылдары табындағы 150 жылқы, оның ішінде 50 биеден 50 құлын алуға қол жеткізіп, мал басын аман сақтап қалды. Он сегіз жастағы жас жылқышыға, СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1948 жылғы 23 шілдедегі Указы бойынша Социалистік Еңбек Ері мен Ленин орденін омырауына тақты. Ал 1951-1956 жылдары Орал қаласындағы үш жылдық ауылшаруашылығы мектебінде білім алды.

1956-1958 жылдары пішеншілер бригадирі, партияның жұмсауымен 1958 жылы жылқы және түйе фермасының меңгерушілігіне жоғарлатылды.Еңбекте  майталман ағаларымен қатар ерен еңбек үлгісін көрсетіп, Ленин орденді «Передовик» колхозының өсіп өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқаны белгілі.

Өтепов Сапарғалидың есімі Бүкілодақтық жастар ұйымының Құрмет кітабына жазылған. Балалары Өрлік ауылында тұрады, Индер ауданының  «Құрметті азаматы".

Добавил: Aziat | Контактное лицо: Зәки Ахметжан Ахметжанұлы | Телефон: 87016480561. (87112-54-40-37)
Просмотров: 1029 | Размещено до: 30.11.2017 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar