Тухпатов Зәйден (1934 – 2004 жыл, Атырау қ.) – мұнайшы, инженер-электрик. 1958 жылы Атырау мұнай техникумын, 1976 жылы Москва қаласында Бүкілодақтық сырттай политехникалық институтын инженер-электрик мамандығы бойынша бітірген. 1958 жылы еңбек жолын «Қаратон» мұнай өндіру кәсіпшілігінде электр монтер, электр цехы шебері болып бастады. 1972 – 1979 жылдары «Ембімұнай» бірлестігі Балықшы барлау-бұрғылау басқармасында электр қондырғыларын жөндеу шебері, инженер-электрик. 1979 – 1985 жылдары «Ембімұнай» бірлестігі Балықшы барлау-бұрғылау басқармасының бас энергетигі. Қамысты, Мартыши, Орталық және Шығыс Прорва, Батыс Прорва, Королевское, Теңіз және тағы да басқа мұнай өндіру орындарын электрлендіру кезінде үлкен белсенділік көрсетіп абыройлы еңбек еткен. 1985 жылы маусым айында 400 күн, 400 түн бойы аласұрған Теңіздегі №37 ұңғымыдағы алапат өрт болған оқиғаның басынан бастап аяғына дейін қатысқан. Алапат өртпен белдескен жерде бүгіндері «Теңізшевройл» мекемесі жұмыс жасауда. Зейнеткерлікке дейін Атырау теміржол ЭЧ-4 мекемесінде бөлім бастығы болып қызмет істеді. Белгі, медальдармен марапатталған. Ұлдары - Бауыржан, Жәнібек, Нұрлыхан,қ.б. қыздары - Ләззат, Фарида. |