Главная » Доска объявлений » Ел таныған Беріштер

Жұмағұлов Нудия
Информация | 19.08.2016, 17:05

Жұмағұлов Нудия (Байтілеу бөлімі) - 1927 жылы Тума ауылы, Есбол ауданы «Папанин» колхозында кедей шаруа Шоныш ұлы Жұмағұл жанұясында дүниеге келген.

•1935-1942 жылдар аралығында Тума орталау мектебінде білім алған.
•1942-1947 жылдарда «Папанин» колхозында әр түрлі салада жұмыстар жасаған.
•1947-1951 жылдары Совет армиясы қатарында Ресейдің Челябинск қаласында әскери борышын өтеген.
•1951-1952 жылдары «Передовик» колхозының қой фермасында есепші болып жұмыс жасаған.
•1952-1955 жылдар аралығында Орал қаласындағы басшы кадрлер даярлайтын ауыл шаруашылығы мектебінде оқып, кіші агроном мамандығын алған.
•1955-1971 жылдары «Передовик» колхозында егіс бригадасының бригадирі, тауарлы сүт фермасының меңгерушісі жұмыстарында болған.
•1971 жылдан өмірінің ақырына дейін, 1985 жылдар аралығында Ленин орденді «Передовик» колхозында, соңынан совхозында бас агроном қызметінде жұмыс жасаған.
•1976 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын сырттай оқып, ғалым-агроном мамандығын алған. 1958 жылдан партия мүшесі.

                   «Құрмет белгісі» Орденінің, В.И.Лениннің 100 жылдығын атап өтуге шығарылған медаль иегері. Бірнеше рет Өрлік селолық, Индер аудандық совет депутаттығына сайланған.

                  Жолдасы Жұмағазиева Айжан - «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған дәрігер, қазіргі уақытта зейнеткер, Атырау қаласында тұрады. Жанұяда 3 бала тәрбиелеп өсірген. Бәріде жоғары білімді, жанұялы, Атырау қаласында.

                  Ұрпақ жалғасып, немері, шөберелері өсіп, жетілуде.

 

Добавил: Aziat | Контактное лицо: Хамит Нудия ұлы. Атырау қаласы
Просмотров: 1680 | Размещено до: 31.12.2017 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar