Бегіс
(Беріш – Байбақты – Құсылбасұлы)
Бегіс атамыздың әулеті алғашқы кезде Тайсойғаннан Ала бие, Шортанбай, Мақат, Мұқыр, Бекбике аралығында қоныс тепкен. Ел өсіп, мал өсіп, жер – өрісі тарала бастағанда, Наурыз және Бөлек ұрпақтары, Құдайберді атамыздан тараған ұрпақтардың бір бөлігі Жайық бойына түсіп, Үйшікке жақын Қараөткел, Қызылтал, Кендірлі, Бесікті, Талдықайраң деген жерлерді мекендеп, тұрақтап қалған.