Главная » Статьи » Мои статьи |
Қабдырахман молда (Беріш – Байсейіт – Тілес – Қаратоқай – Андағұл – Айтболат – Бекбаулы – Боранқұл – Төлеп – Барлыбай – Есен – Қарабалаұлы) (1889 – 1938 ж.ж.)
Қарабаланың үлкен ұлы, Қабдырахман ескіше оқып молдалық құрған, мешітті ұстап қалатын мұрагері болып есептелген. Тек сол үшін Совет үкіметі тарапынан қуғын көріп, 5 жылға бас бостандығынан айырылып, жер аударылыпты. Бірақ қуғын – сүргін бұнымен аяқталмай НКВД – ның қатаң бақылауында болыпты. Ол інілеріме, балаларыма зияным тиеді деп үйінен безіп, Қарабау өңіріндегі, Жайық бойындағы ағайындарын, қайын жұртын паналап жүреді екен. Үйіне оқта – текте түнделетіп келіп – кететін болыпты. Ел қыдырып нәпақысын тауып жүрген Қабекең бірде Жайық бойында тұрмыстағы қызы Зүбайданың үйіне тақап келіп, оларға зияным тие ме деп қауіптеніп, үйге кіруге бата алмай, күйеу баласы Есмұқаштың ағасы Ділмұқаш құдасының үйіне түсіпті. Сөйткенше болмай, ауылдың бір әкімсымақ белсендісі үйге ат ойнатып, -Ей, Ділмұқаш, халық жауын паналатып неғып отырсың, шығар үйіңнен, әйтпесе өрт қоямын, - деп айқай салыпты. Қабекең сасқаннан жиулы төсектің арасына тығылыпты деседі. Әлгі кісі рулық жағынан Зүбайда апайға нағашы болып келеді екен, соны пайдаланып апай есік алдына шығып, әзілдеген сыңыймен – «Бұл үйде бөтен ешкім жоқ, не дігірлеп тұрсың»- деп, шығарып салыпты. – «Өй, бөрінің бөлтірігі»- деп, әлгі кісі атын бір тебініп кетіп қалды дейді. Бұдан кейін ол жерде қанша аялдады дейсің Қабекең, дорбасына құраны мен жайнамазын салып бұрыңғы әдетінше Жайықты жағалап кете барыпты. Балалары: Сүлеймен, Зүбайда, Зайлаги, Сақыш.
| |
Просмотров: 1122 | |
Всего комментариев: 0 | |