Главная » Статьи

Всего материалов в каталоге: 49
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 4 5 »

Сұлтан Бейбарыс моласы туралы


     Сұлтан Бейбарыс көзі тірісінде: «Мені қайтыс болған жерде жерлеңдер, үстіме талай заманға жететін белгі қойыңдар» - деп айтып отырады екен. Осы өсиетіне сәйкес сұлтан жанұясы, Бейбарыстың қайтыс болған жерінде – Дамаск қаласында жерлеуге шешім қабылдайды да, сұлтанның Шам елдеріндегі наибы – орынбасары әмір Айтемірге лайықты орын іздеуге әмір береді.

Мои статьи | Просмотров: 895 | Добавил: Aziat | Дата: 10.01.2021 | Комментарии (0)

Сұлтан Бейбарыстың қазасы

     Ислам тарихнамасында сұлтан Бейбарыстың қайтыс болуы туралы неше түрлі аңыз-әңгімелер баршылық. Кейбір тарихшылар сұлтан қымызды көп ішкеннен, қайтыс болған дегенге дейін барады.

Мои статьи | Просмотров: 851 | Добавил: Aziat | Дата: 28.06.2020 | Комментарии (0)

Қара би, батыр, хан аталған

(Қаратоқай - Андағұл - Айтболат - Есболай-Итемгенұлы)

(1750-1840 ж.ж. шамамен)

Батыр, би және жергілікті халықтың сыйластығымен Маңғыстаудың хан атағы дәрежесіне дейін жеткен тұлға. Итемгеннің ұлы, «Итемгеннің бес бөрісінің біреуі», Әйтеке-бидің туға жиені, Адай-Жары-Дәулеталы-Үсеннің күйеу баласы.

Мои статьи | Просмотров: 1499 | Добавил: Aziat | Дата: 13.04.2020 | Комментарии (0)

(Беріш-Байсейіт-Тілес-Қаратоқан-Андағұл-Айтболат-Есболай-Итемген-Қараұлы)

(1775-1802 ж.ж.)

Беріштер мен Әлім - Кете - Ожырайлар арасында біраз уақыт түсініспестік болып, екі жақ қақтығыса беріпті. Ожырайлар Беріштерді жеңе алмай бірде олармен тату көрші тұрған Тегісбай деген Адай ауылын шауып, малын айдап кетеді.

Мои статьи | Просмотров: 1119 | Добавил: Aziat | Дата: 26.01.2020 | Комментарии (0)

     Сұлтан Бейбарыс, туған жұрты Алтын Ордамен тікелей дипломатиялық байланыс орнатуға ерекше маңыз берді. Оның себебі, араб тарихшылары көрсеткендей тек қана Хулагу иеліктеріне қарсы әскери одақ құру ғана емес, туған жерімен байланыс орнату, өз ұлтының ұлдары мен қыздарынығ Мысыр жеріне келуін қамтамасыз ету болды. Осы мақсаттарды орындау үшін Бейбарыс Алтын Орда хандарымен елшіліктерімен алмасады.

Мои статьи | Просмотров: 2080 | Добавил: Aziat | Дата: 17.01.2020 | Комментарии (0)

 Мұсылман әлемі үшін қасиетті жерлерді – Мекке менен Мәдина ораналасқан Хиджазды өзінің қол астына қарату, Бейбарыс үшін ерекше маңызға ие болды.

Мои статьи | Просмотров: 860 | Добавил: Aziat | Дата: 13.01.2020 | Комментарии (0)

     Сұлтан Бейбарыстың хатшысы ибн Абдузаһир «Халық, оның заманында соғыс істері одан артық білетін, одан епті, одан батырлығы артық бірде-бір атқа мінген батыр жоқ деп санайды» - деп тұжырым жасаған. Патшалықты тек қылышының күшімен алды – дейді.    

Мои статьи | Просмотров: 1148 | Добавил: Aziat | Дата: 11.01.2020 | Комментарии (0)

Бұл әңгімені Шапағат қарияның аузынан естіп едім.

Еламан әулиенің руы Қаратоқай Беріш. Шынтеке аталығынан шыққан. Атырау облысы Махамбет ауданы Сарытоғай деген жерде тұрыпты. Бейіті 11-інші ауылдың тұсында Жайықтың жарқабағына жақын құмдауыт жыңғылды жерде орналасқан. Ел барып сиынып, түнейтін жер болған соң бейітінің қасындағы ағаш бұтағы қызыл-ала ақтық шүберектерден көрінбейді екен. 1957 жылдар шамасында жаңадан сайланған Парторг Жөркей деген бастық ел атқамінерлерімен Жайық жағалап келе жатыпты. Кеңес өкіметінің дәуірлеп тұрған шағы. Бір кезде парторгтың көзі шүберек тұнып тұрған ағашқа түседі.

Мои статьи | Просмотров: 1548 | Author: Жәнібек Әбілпеисов | Добавил: Aziat | Дата: 25.10.2019 | Комментарии (0)

(Беріш – Байбақты – Асылбас – Жаңбыршы – Сүйірбас – Сүйіндік – Мұңайтпас – Жаманқара – Бекасыл – Кенжеғали – Оқас - Жұматұлы)

(1816 – 1889 ж.ж.)

 

            Шынияз ақын Исатай – Махамбет көтерілісінің ақын – жаршысы болған. 1839 жылы Шыман (шын аты Шыңғали) бидің алдауына түсіп, көтерілісшілер «Бекетай» құмында қоршауға қалады. Жәңгір ханның қайынатасы Қарауыл қожаның жасақшылары мен қазақ – орыстарының әскері екі жақтан қыспаққа алып, Исатай мен Махамбетті тұтқынға алудың қамын көздейді.

Мои статьи | Просмотров: 1135 | Добавил: Aziat | Дата: 25.01.2019 | Комментарии (0)

Қарлығаш әулие

(Беріш – Есен – Самай – Қараша – Тілеп – Шынтемір - Нұрымұлы)

Қарлығаш Самайдың бесінші ұрпағы. Қарлығаш шағын шаруасы бар, момын, адал, біреудің ала жібін аттамаған діндар адам болған. Күндердің күнінде, басы ауған жаққа кетіп қалатын түсініксіз ауруға ұшырайды. Ел – жұрты үрпейісіп: «Қарлығаш жынданып кетіпті» - деген. Бұл Алланың әмірімен болған оқиға болып шығады.

Мои статьи | Просмотров: 1323 | Добавил: Aziat | Дата: 21.01.2019 | Комментарии (0)