Главная » Статьи » Мои статьи

Шынияз ақын

Шынияз ақын

(Беріш – Байбақты – Асылбас – Жаңбыршы – Сүйірбас – Сүйіндік – Мұңайтпас – Жаманқара – Бекасыл – Кенжеғали – Оқас - Жұматұлы)

(1816 – 1889 ж.ж.)

 

            Шынияз ақын Исатай – Махамбет көтерілісінің ақын – жаршысы болған. 1839 жылы Шыман (шын аты Шыңғали) бидің алдауына түсіп, көтерілісшілер «Бекетай» құмында қоршауға қалады. Жәңгір ханның қайынатасы Қарауыл қожаның жасақшылары мен қазақ – орыстарының әскері екі жақтан қыспаққа алып, Исатай мен Махамбетті тұтқынға алудың қамын көздейді. Сондай жан алысып, жан беріскен шақта, екі батыр тобы қоршауды бұзып шығады да, Шынияз, Есенғұл – Беріш Иса Төлегенов, Муса Тілесұлы бастаған тоғыз адам қолға түседі. Шынияз Иркутске айдалады. Ебін тапқан ол, жолда қашып шығып екі жылдан соң, аман – есен елге оралады. Орта жүзде Сегіз серіні тауып, солардың қолына қосылады.

            Осы кезде Мақпал мен Сегіздің ғашықтарына куә болып, «Мақпал Сегіз» жырының бір нұсқасын жырлаған ақын, осы Шынияз екен. Осы өлеңнің ішінде, Шынияз шаруалар көтерілісінің бел ортасында болғандықтан Теректідегі (Батыс Қазақстан облысы) және Қандыағаштағы (Ақтөбе облысы) хан жасағымен болған шайқастарды былай келтіреді:

 

...Егіз, Балқы, Шомбалдың,

Үрейін ерлер ұшылған.

Жендетіне билердің,

Атының жалын құштырған.

 

Үндерін жаудың өшірді,

Төбеден жай түсірді.

Теректіден Балқыны,

Исатай, Сегіз көшірді.

Исатай мен Махамбет,

Бекмұхамбет, Сегіздер,

Тал түсте қолмен тиген соң,

Қашты Шомбал, Егіздер...

Категория: Мои статьи | Добавил: Aziat (25.01.2019)
Просмотров: 1136 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar