Главная » Статьи » Мои статьи

Дәрі батыр

Дәрі батыр

(Беріш-Байсейіт-Тілес-Қаратоқан-Андағұл-Айтболат-Есболай-Итемген-Қараұлы)

(1775-1802 ж.ж.)

Беріштер мен Әлім - Кете - Ожырайлар арасында біраз уақыт түсініспестік болып, екі жақ қақтығыса беріпті. Ожырайлар Беріштерді жеңе алмай бірде олармен тату көрші тұрған Тегісбай деген Адай ауылын шауып, малын айдап кетеді. Бұны Дәрі батыр далада естіп жүріп, әлгілерді қуып жетіп, қолындағы дойыр қамшымен ұрып, бір-бірлеп құлата беріпті. Жаяу қалгандары жата қалып атып, Дәрінің жүрегіне жебе қадапты. Бұл кезде Дәрі 27 жаста екен. Мөңкеұлы Матай ақын айтқан:

Артында Қабыл қалды Қара өлгенде,

Берішті жеті баулы бір күйзелтті,

Кешегі Ожырайдан Дәрі өлгенде..., десе,

Матайдың туған інісі, Мұрат ақын, былай қиналады:

Артында Қабыл қалды Қара өлгенде,

Қалады жүк тайлакқа нар өлгенде.

Беріштің жеті баулы белі сынды,

Кешегі Ожырайдан Дәрі өлгенде... деген өлеңдері текке айтылмаған ғой.

Адайдың бір топ аламандары: «Мұрат жиен, осылай деп құнсыз кеткен Дәрінің өлімін бізге шағынып отыр»,-деп, ат қойып барып, ащы Ойыл бойында отырған Ожырай Кетенің екі адамын өлтіреді. Сол жер кейінде «Қандыағаш» атанып кетеді.

Балалары – Ербақы, Бәшен.

Дәрі қайғылы қазаға ұшырағанда, Бәшен 3-жасында қалған. Артынан Бәшен бай болған. Оны Мұрат Мөңкеұлы, Тыныштықпен айтысқанда:

...Беріште Әлжан, Бәшен ұйылған бай,

Соғымға отыз асау сойылған бай..-деп келтірген.

Дәрі атамыздың қауымы, Атырау облысы, Индер ауданының, Малайсары алқабындағы, Жайық бойындағы бұрынғы 2-ауыл, кәзіргі Мұрат Мөңке ауылынан 20 шақырымдай, Индерден 45 шақырымдағы Индер-Мақат темір жол бойындағы «Дәрі» разъездінің тұсындағы, Дәрі қауымы. Жылқының сүтіне және жалына иеленген, балшықтан соққан зират.

Ербақы, Башеннен тараған ұрпақтар қазір, негізінен Атырау, Орал аймақтарында тұрады. Дәрі атамыздың ұрпақтары туралы «Беріш ұрпақтарынан Қазақстанға еңбектері сіңген қайраткерлері» деген.

Категория: Мои статьи | Добавил: Aziat (26.01.2020)
Просмотров: 1107 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar