Главная » Статьи » Мои статьи

Мұсылман тарихшылары сұлтан Бейбарыс туралы

Мұсылман тарихшылары сұлтан Бейбарыс туралы

(Беріш-??? - Жамақұлы-Бейбарыс)

 

     Сұлтан Бейбарыстың хатшысы ибн Абдузаһир «Халық, оның заманында соғыс істері одан артық білетін, одан епті, одан батырлығы артық бірде-бір атқа мінген батыр жоқ деп санайды» - деп тұжырым жасаған. Патшалықты тек қылышының күшімен алды – дейді.

     Ибн Йиас өзінің «Бадаиғ аз-зуһур фи уақаиғ ад-дуһур» («Ғасыр жаңалықтарының әдемі шешектері») атты еңбегінде сұлтан Бейбарыстың түр-сипаты турады: «Жеңімпаз мәлік (патша) Бейбарыс айбарлы да айбатты, атақ-даңқы асқан, сұландыққа лайық, данышпан, мемлекеттің жағдайын білетін, алдында шығыс мәліктері мен насрани мәліктер тізе бүккен ұлы патша еді. Ол бір орында отырмайтын, оның Шамда-Дамаск пен Алеппода шерулері бар еді. Жорыққа көп шығатын, батырлығымен аты шыққан, соғыста ержүрек еді. Қысы-жазы ат үстінен түспейтін. Мемлекет шекарасындағы жерлерді қосып алғанына қарай, оған «абу футухат» - «жиһангер» деген лақап ат тағылған еді – деп жазған. Батырлығы мен ержүректілігінің белгісі ретінде тамғасында арыстан суреті бейнеленетін болған. Бейбарыс келісті, ұзын бойлы, дөңгелек сақалды, сақалында бір тал ақ шаш жоқ болды деп бейнелейді.

XIV ғасырда өмір сүрген мысырлық тарихшы әл-Айни «Икду ал-джуман фи тарих аһл ал-заман» («Заман тұрғындары туралы маржан моншақ») атты еңбегінде Бейбарыс ұлты қыпшақ, түркінің Бурш ұғлы тайпасына жатады дей келе, Бейбарысты сипаттауда теңеулерді аямайды. «Жеңімпаз патша қарасұр, көкшіл көзді. Жаусы жер жаратын. Бойынды ұлылық және еріксіз құрметтеу сезімін тудыратын айбандылық бар еді. Бойы ұзынға келетін. Қайсар, ер жүрек, сақи, жігерлі, тұңғиық, өжет, көзсіз батыр, сұлтандық ісіне көп көңіл бөлетін, ислам және мұсылмандардың жеңісіне және патша рәсімдерінің орындалуына ұмтылған еді» - дейді.

     Ибн Касир, бейбарыстың атқарған істеріне ерекше көңіл бөледі. Ол туралы «Жеңімпаз мәлік ер журек, жігерлі, тұңғиық, көзсіз батыр, сұлтандық ісіне көп мән беретін. Шарап ішуге тиым салды. Жезөкшелікті тыйды. Күш-жігер, қуатын жемқорлық, кесір мен бұзықтықты тыюға жұмсады. Шамда жүрген кезінде мизр (сыра секілді ішімдік) ішімдігін тыю туралы хат жолдайды. «Адамдар үшін құт етіп Алла жаратқан бидайды, аяқ асты етпейік»-дейді, Сұлтан 1262 жылы есірткіні сатуға рұқсат беретін хашиши диуаның (мәмлүк мемлекетіндегі басқару мекемесі) жойып, оны жейтіндерді тәртіпке шақыруды рәсімдейді» - деп суреттеген.

     Келесі бір батыс тарихшысы Р.Линполь: «Осындай тұлғаны халық батылдық пен мырзалық қасиеттерді бойына сіңірген патшаның үлгісі етіп алғаны ғажап емес. Әлі күнге дейін, Каир шайханаларында Бейбарыс туралы қиссалар қызыға айтылады. Дін өкілдерінің өзі оны пір тұтушы еді. Оны дін негіздерін сақтаушы, әр қайсысында тәуелсіз қазы сайлап, төрт мазһабты теңгерген патша деп санайды» - деп Бейбарысты келесі бір қырынан көрсетеді.

     Бейбарыс бабамыз жыл сайын кедей-кеншік, бейшаралар мен сопыларға 10 мың ардебб (1 ардебб-197,75 литр тең) бидай садақа беретін болған.

     Бейбарыс бабамыз ораза кезінде күніне бес мың адамға ауыз ашар беретін болған.

     Ол әрдайым ғылым мен өнер майталмандарын өзіне тартатын. Тарихты, тарихшыларды ерекше жақсы көретін. «Тарихты тыңдау – үлкен ғибрат» - деп отыратын.

Категория: Мои статьи | Добавил: Aziat (11.01.2020)
Просмотров: 1140 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar