Главная » Статьи » Мои статьи

Сұлтан Бейбарыстың Хиджаз және Йеменмен қарым-қатынастары

Сұлтан Бейбарыстың Хиджаз және Йеменмен қарым-қатынастары.

 Мұсылман әлемі үшін қасиетті жерлерді – Мекке менен Мәдина ораналасқан Хиджазды өзінің қол астына қарату, Бейбарыс үшін ерекше маңызға ие болды. Ол кезде Мекке шарифтері (араб елдеріндегі өздерін Пайғамбардың тұқымдары санайтындар, қазақ ішіндегі қожалар секілді әлеуметтік топ) Тунистегі Хафасил халифаларының билігін мойындап тұрды.

Халифалар, кезінен қалыптасқан дәстүр бойынша пайғамбар күмбезі мен құдай үйі – Қағба орналасқан жерлерге, атақты шығыс маталарына құран аяттарын алтын жіппен шебер тоқыған. Қағбаны ілуге арналған кисуа – жабуға қосымша азық-түлік, бидай жіберу мұсылман билеушісі үшін зор құрмет саналатын. Екі кисуа істенелетін болған, оның біреуі – Қағбаға, екіншісі – пайғамбар зиратына ілінетін (1,104-бет).

Монғол шапқыншылығының нәтижесінде халифаттың жойылуы, Мекке әмірінің татарлармен ауыз жаласуы салдарынан, үзімін Мекке мен Мәдинаға қажылықты 12 жылдан соң Бейбарыс қайта жандандырды. Тарихшы ибн Шаддадтың жазуы бойынша: «Мұсылман елінің басшысы үшін зор құрмет саналатын Меккедегі құдай үйі Қағбаға жабылатын алтынмен зерленген кисуаны жеткізу үшін керуен жолдайды. Алайда Мекке әмірі, Бейбарыс жіберген мухаммалды және тағы басқа да заттарды Меккеге кіргізбейді. «Жеңімпаз патша Бейбарыстан қорықпайсың ба?» деген сұраққа монғолдарға арқа сүйеген Мекке әмірі: «Бейбарыс ала ат мініп, алдыма келсін» - деп кемсітеді. Келесі жылы Бейбарыс: «Міне келдім алдыңа, ала ат мініп» - деп сұлтан Мекке әміршісін найзамен шаншып өлтіреді. Оның атын мініп Меккеге кіреді. Қағбаға кисуаны жауып, пайғамбар күмбезіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге бұйрық береді». (1,105-бет).

Категория: Мои статьи | Добавил: Aziat (13.01.2020)
Просмотров: 853 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar