Главная » Статьи » Мои статьи

Сұлтан Бейбарыс моласы туралы

Сұлтан Бейбарыс моласы туралы


     Сұлтан Бейбарыс көзі тірісінде: «Мені қайтыс болған жерде жерлеңдер, үстіме талай заманға жететін белгі қойыңдар» - деп айтып отырады екен. Осы өсиетіне сәйкес сұлтан жанұясы, Бейбарыстың қайтыс болған жерінде – Дамаск қаласында жерлеуге шешім қабылдайды да, сұлтанның Шам елдеріндегі наибы – орынбасары әмір Айтемірге лайықты орын іздеуге әмір береді.
     Тарихшы ибн Шаддад сұлтан Бейбарыс басына тұрғызылған мазар туралы жазып қалдырған. Дамаскідегі үлкен мешіт қасындағы аюбид патшалар зиратында 48 мың дирһемге жер сатып алынады. Әмірлер Беркеханмен (Бейбарыстың ұлы) ақылдасып, сұлтанның басына маған ғана емес, мәмлүк дәстүрі бойынша медресе соғуға шешім қабылдайды. Үстіне, тарихшының сөзімен айтқанда, «сұлтанның сүйегін жерлейтін зәулім күмбез» соғылады. «Мазар құрылысы аяқталғанда, әмір Саржан сұлтан Беркеханның бұйрығымен сұлтан сүйегін мазар ішіне, мәмлүктер түнде жерлейді. Раджаб айының бесі, жұма қүні болатын. Осы жылдың найзағай ойнаған түні еді» - деп көрсетеді ибн Шаддад. Қыпшақ даласының перзенті, тағдырдың күшімен Мысыр жеріне мәмлүк болып келіп, атағы шартарапқа кеткен сұлтанның сүйегі, қыпшақтың тағы да бір данасы, Әль-Фарабижатқан Дамаск қаласынд қалады.

Категория: Мои статьи | Добавил: Aziat (10.01.2021)
Просмотров: 896 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar