Главная » Статьи » Мои статьи |
Қара би, батыр, хан аталған (Қаратоқай - Андағұл - Айтболат - Есболай-Итемгенұлы) (1750-1840 ж.ж. шамамен) Батыр, би және жергілікті халықтың сыйластығымен Маңғыстаудың хан атағы дәрежесіне дейін жеткен тұлға. Итемгеннің ұлы, «Итемгеннің бес бөрісінің біреуі», Әйтеке-бидің туға жиені, Адай-Жары-Дәулеталы-Үсеннің күйеу баласы. Әбуғали Габдуллин «Саржала» кітабында: ... Табылды мен Қараны, қос батырды жастайынан қасына ертіп, тәрбиелеген Саржала екен. Турікмен ханы екі баланың антына тоқтамақ болыпты. Ол жас өрім батырларды көргеннен кейін оларды антқа ұстауға қимаған екен. Шартын айтыпты. Бір көлге айдаһар түсті. Мыл мен жанға қауіп төнді. Сол пәлекеттен құтқарсаң басқа талабым жоқ -–депті. Көлге түскен кесіртке айдаһар екен. Құйрығымен су сабалап айбат шегеді. Мұны көрген Саржала буырқанып аруақ шақырып, сауытын киіп, аждаһамсн алысуға дайындала бастайды. Сонда қасындағыінілсрі (Қара. Табылды-автордан): «Батыр аға, бізді не үшін ертіп шықтыңыз?», - деп сауал қояды. Сөзге тоқтаган батыр кезекті береді. Су ішіндегі тажалмен айқасудың әдісін көрсетіп, батиха етеді. Жас батырдың бірі алдаспанмен айдаһардың басын айырып өлтіреді. Елді қауіп-қатерден құтқарған жас батырларға, турікмен ағайындар разы болып, бата береді. (5.15-бет). Айтылған аңыз аталарымыздың жастайынан батырлыққа бауланып, шыңдалғанын және екі халыктың арасындағы шиеленіс кезеңінде, қатер-қауіп алдында бірлесуін көрсетеді, неге десең сол кезең қазақ пен түрікмен арасындағы шиеленістің ұшынып тұрган шағы болган, деседі. Маңғыстауға белгілі, айтулы шежіреші А. Мендалиев «Адай шежіресі» кітабында, Қараның қалай Адайларға жек-жат екенін дәл басқан. Бұл әңгімелерді Маңғыстау өлкесіндегі, Итемгеннін ұлдары Қара мен Табылдыға жек-жат Төлеп батырдың көзі тірі ұрпақтары да дәл осылай айтады. Төлеп батыр, ағайынды Қара мен Табылдының күйеу баласы. Итемген, Адайдың ала туын ұстаған Әнетпен акыреттік дос болған. Бұл, дау тудырмайтын ақиқат. Екеуінің арасында бірімізде кыз, бірімізде ұл дүниеге келсе, тел ұл мен кыз болса, туыс әке, құда болалық деген уағда болған. Табылдының Іңкәр атты қызы, Төлептің бәйбішесі, Төлептен үш жас үлкен болған. Қараның кіші әйелінен туған қызы Көрпе, Төлептің бесінші әйелі болған. Ел аузында сақталған әңгімелерде, аңызды көп сақтаған Маңғыстауда Қараның ұлдары түгілі, қыздарын да ерлікке, батырлыққа тәрбиелегені туралы жөнінде әңгімелер сақталған. Оның бірі, мына әңгіме. Төлеп 64 жасында, Қараның қызы Көрпеге үйленеді. Көрпені ерегеспен алады. Ол былай болған көрінеді. Төлеп батыр. Атыраудың Қарабау-ҚаракөліндеҚаратоқайлардың кызузату тойына түседі. Той соңында құдалар (кыз алатын жақ) тартыста жеңе алмайды. Тартысқа Төлеп араласып, қызды суырып алып береді. Сонда үй ішінде апасының қасында отырған Көрпе, Төлепке: «Сен алжыған шалдың, тартыста нең бар?» - деп, ернін шығарып, ерсі қылық жасайды. Қыздың қылығына риза болмаған, Төлеп: «Тап сені алмасам, атым өшсін», - деп серт береді. Бірақ оның Қараның қызы, өзіне балдыз екенін білмейді. Төлеп қайын атасы Табылдыға келіп, болған жағдайды және серт бергенін айтады. Сонда Табылды: «Балдыздарыңның бірі шығар, әуелден де күйеусің ғой», - деп, ақылга жеңдіріп батырды тоқтатқысы келеді. Бірақ жұрт арасында берілген серт, Төлепті токтатпайды. Әнгіменің иесі Қараның қызы екенін білгеннен кейін, Қаратоқайлар Төлепті малмен қашыртқысы келеді. Ол кезде Төлепте көп мал болмаған. «Сол кызды алмай қайтпаймын!» - деген Төлеп, баласы Мәмбетнияз бен інісі Қыдыршаның Есіркебіне сәлем жібереді. Екеуі сұраткан малды айдап апарады. Бірак қыз көнбейді. Істің арты қиынға соғатынын сезген Табылды, женгесіне (Қараның кішіәйелі): «Адайлармен жауласпас үшін, қызды көндіру керек», - дейді. Ақыры, қыз көнгеннен кейін Төлепке талап қояды: «Үстіме адам алмасаң, тиемін», - деп. Сол жерде қол алысып, уәде байланады. Арада 10 жылдай уақыт өткенде, шапқыншылық болып, Төлеп батыр жау қолында кеткен мал мен жесірді айырады. Олжаға ауыл ақсақалдарының үйғарымымен Шолым сүлуды алады. Ел арасындағы хабар жатсын ба? Көрпеге, «Батыр, Шолым сұлудың құшагында жатыр» - деген, хабар жетеді. Хабарды естіген Көрпе, астында атан, қолында найза, ала шаң қылып Төлеп жатқан ауылға шабады. Төлеп ала шаңды көріп, анау келе жатқан Көрпе деп, садағын дайындайды. Тек ауыл ақсақалдарының араға түсуінің арқасында, атан үстінен тускен Көрпе: «Боқсақал, адамның қолы - алланың мөрі – деген, уәдең қайда?» - деп, бір-ақ сөз айтыпты. Көрпе – мінезді, ағаларымен, ауылдың батырларымен талай барымтыга қатысқан, өзінің асқан өжеттілігі бар, батыл қыз болған. Осы апаларымыздан туган жиендеріміз туралы, осы кітаптың «Беріштердің жиендері» деген тарауда бөлек айтылады. Қара би - батыр атамыз өте ірі кісі болған. Бірде, Саржала мен Сырым батыр арасындагы дауды Нұралы ханның араласуымен шешілуінде, Қара батыр билік сөзін айту үшін, Саржала тобын хан сарайына өзі бастап барған. Осы жайлы деректі әңгімені, Атырауға аты әйгілі шежіреші, Беріш-Есен-Елтүзер Қорқытұлы Ыбыраш ағамыз Саржала батыр мен Сырым батыр арасындағы дауды, Қара батыр-бидің қалай шешіп бергенін, былай деп айтып кеткен. Ел арасында «Суырып моласынан Датты алдырған» деген аңыз бар. Сол заманда он екі ата Байұлының Сұлтансиық пен Беріш ұрпақтарының қонысы көршілес болған. Қандай себеппен болса да Сырым әкесін беріш қауымына жерлейді. Мұсылмандықтың ежелгі дәстүрі бойынша, бастапқы қойылған мәйіт. Бас мәйіт болып саналып, сосын қорым екі жағынан, не артқы жағынан өседі. Сырым әкесін Датты, қорымның ең алдына жерлейді де, оған биік там тұрғызады. Бағзы заманнан бері қазақтың бірлігін бұзған, ағайынды ағайыннан айырған даудың бірі – жер шегне таласудан шығады. Ал, көшпенді елдің жұртында, қалқиған моладан басқа белгі болмаған. Жер дауы сол белгіге қарай шешілген. Қорымның ең алдында, кімнің мәйіті жерленсе – жер соныкі. «Ауруды елемеген өледі, дауды елемеген төлейді», дегендей, ел-қонысты аралап жүрген Саржала батыр, Сырымның озбырлық жасаған қылығын көріп, моланы құлаттырып тастайды. Оның Сырымның Нұралы ханға қайынағасы (ханның бір әйелі Ақылима, Сырымның қарындасы) екенін біле тұра, Сырымның ойына келгенді істеймін деген астамшылықты көргендей болып және тұтанар шаланы тарихтың қоламтасына, кейінгі ұрпаққа мұралап кетуге болмас, көзімнің тірісінде шешіп кетейін деген шешім алғандығын көрсетеді. Хан алдында, әкемнің моласын құлатты деп, Сырым дау көтереді. Екі жақтан даулаушылар ханға шақырылады. Саржала тобын, елдің игі жақсыларынан Қара батыр билік сөзін айту үшін бастап келеді. Қараның топ бастауының себебі, Саржаланы өзінің ұстазы, аға ретінде сыйлағаны, Саржаланың жасының үлкейгендігі болуы керек және Қараның сол кездегі ел басқарып, билікке шыңдалған мезгілі. Хан сарайына жақындаған да, алыстан түйелі адмдай болып көрінген ірі кісінің атының басып ұстаймын деген жігітке, Қара батыр: «Ханыңа айт, атымнан түсе алмаймын, түссем қайта міне алмаймын», - дейді. Ханға бұл сөз жетеді. Сонда хан: «Мінгізіп жібереміз, түссін», - деген екен. Сонда да атынан түспей тұрып, Қара би, ханға барады. Хан екі жақтың дауласушыларын тыңдағаннан кейін, енді кім не айтады дейді. Сонда Қара би: «Дауды біздің пайдамызға шешетініңді айт, әйтпесе осы жерден кері кетемін. Мұсылмандықтың жерлеу дәстүріне қалап жасалады. Исламның жол-жорасына жүгінейік», - деп, астарлы тіл қатады. Хан: «Сіз не айтасыз?» - деп, жанында отырған молдаға қарапты. Ол, Қара бидің айтқанын қолдап, құлаған моланы қайтадан көтеруге болмайтынын айтады. Сонда хан: «Құран сөзі – Құдай сөзі. Одан асып не айтамыз», - деген екен. Саржала да, Сырым да төрелікке разы болып бас иеді. Саржала тобы кеткесін, хан Сырымға: «Дау Саржаланың пайдасына шешілді. Оған сен неге бас иіп тұрдың?», - деп сауал тастайды. Сонда Сырым: «Мына қызыл көзді пәледен құтқарғаныңыз үшін», - деп жауап берген екен. Қара ата мен Табылды атаның көздері өте қып-қызыл болған деп айталыды естелікте. ... Сәнжан Нурғалиев деген ағамыз Қара батыр туралы былай деген: «Оның екі иығының арасын екі аршын екен. Өзін ат көтере алмайтын болған соң, атан мініп жүреді екен. Бірде Саржала батырдың атына көзі түседі. Бұл ірі ат екен. Өздері көңілдес болғасын, Саржаладан сол атын сұраса ол бермепті. Қара ата атты жолшыбай ұстап, мініп жүре береді. Осыған ерегісіп Саржала онымен амандаспай жүреді. Қазақта «Беріш бұзылса – Бегіс түзейді, Бегіс бұзылса өлімтүзейді?» - дейтін сөз болған. Өйткені Бегістен - Беріш ұрпақтарының ішіндегі окыған, орысша сауапты адамдары көбірек болған сияқты. Қара мен Саржаланың арасындағы ренішті естіген, Бегіс Матай деген кісі бұл екеуін татуластыруды ойлайды да, Саржалаға келіп: «Ат қымбат па, ар қымбат па?» депті. Сөздің мәнін түсінген Саржала ашуын тастап, Қара екеуі татуласып кетіпті дейді». (Қырықбай Бекбаев, «Қаратоқай батырлары», «Дендер» газеті, 22 казан, 1993 жыл). Итемгенұлы Қара батыр, Нұралы ханның озбырлығына қарсы болып және Ресей патшасының Қазак еліне жүргізіп отырған саясатына көнбей, Е. Пугачев бастаған көтерілісіне қатысқаны тарихи деректі белгілі. Айдаудан қашкан Емельян Пугачев, Дон өзенінің казак-орысы, 7- жылдық орыс-түрік сотысына қатысқан, хорунжийлік шені бар, Жайық бойындағы казак-орыстардың үкіметке қарсы наразылыгын да, шаруа қазақтар бұқарасының ыза-кегінің ұшқын түссе тұтанарын, патшаға, жергілікті өкіметке қарсы аттануға әзір тұрганын жақсы білетін. Осы жағдайды пайдаланып, өлтірілген патша баласы Петрдің атағын алып көтерілісті ұйымдастырып, бастап жіберген. Ел арасында, «Федор патшаның ұлы Петр тірі екен, Жайыққа келіпті. Көбі әскер жинапты. Өзіне қас сағынғандардан тағын қайта тартып алатын көрінеді. Қазақ, орыс, қалмак, башқұрт, шуваш бәрі соған еріпті» - деген алып ұшты хабар тарап кеткен. Ресей патшалығының бодандылығын қабылдаған, Кіші Жүз хан- сұлтандардың астамшылығына шыдай алмаған, елім деген азаматтар атқа мінді. Сол тұста қол бастаған, тарихи тұлғалар Қара батыр, Саржала батыр, Атағозы батырлардың орындары бөлек болды. Әбугали Ғабдуллин «Саржала» кітабында Қара батыр туралы мынадай деректер келтіреді. ... Руым шеркеш Тұрманбет бидің ұлысынанмын деген Сидәліұлы Тойғыл балық батағаларын шапқан беріштер, Еділ бойындағы елді мекендерді шапқан байбақты Айдар бастаған барымташылар екенін айтып берген ... Беріштер қолга түсірген орыс тұтқындардың бір бөлігін алған. Бұл жорықты бастаған Итемгенұлы Қара батыр екен...(4.10-бет). ... Еділ бойынан тұтқын алған Қара Итемгенұлы оралған бетте Маңғыстауға көшкен. Қайрақты (шыны Айрақты автордан) деген жерде... (4.11 -бет). Қараның хан тұқымымен сыйыспай, қақтығысып өткені және Пугачев көтерілісіне қатысканы жайында, Москвадагы АВПР (Архив Внешней Политики России) мұрағатында мынадай дерек бар: «1774 г. января 18,-Запись показаннй казахов Малого жуза У. Джаиктаева и других о связях Е. Пугачева с казахским населением... подлинные допросы толмачил тормач Яков Трухменцов, секретарь Иван Зайцев » - деген құжатта былай жазылған: «Пойманные калмыцким войском из разбитой оным подбежавшей к Волге киргис-кайсацкой воровской парти, оставшие за отсылкою впредь в Астрахань 50 человек на вопрос полк.князя Дундукова объявили.... от ур. Рынь-песков следовал прямо к Волге в трехстах человеках, в том числе двумя старшинами Атагузою Айтхуловым и Кара Итемгеневым;...», сондай-ақ «1774 г. июня 25. Рапорт майора М.Ваганова, посланного к хану Нурали в связи с Мугачевским восстанием, в Астраханьскую губернскую канцелярию» деген құжат бар. Сонда былай деп жазылған жолдар бар: «... на что выговорил хан, что-де по Волге разоряли киргисцы безвинно и ево, хана, не послушали, а был тут предводителем Бершева рода Кара-батыр Итемгенов, который еще зимою, как был на разбое в Астрахани и оттуда возвратясь, укочевывал под Мангишлак в называемое тамо местечко Айраклы...» Бұл Қара Итемгенов пен Адай Атағозы жағалауындағы мұз үстімен өтіп, Нарын құмынан ауылдарын, Маңғыстаудағы Айрақты тауына алып келіп қыстаған мезгілі. Екеуі де сол мезгілде Пугачев көтерілісіне қатысқандар. Енді, Қара атамыз туралы тағы да бір дерек келтірейік. Алаша руының ұрпағы, Иманғалиұлы Рахмет «Аңызға айнлаған адам» атты, тарихи-танымдық шығармасында: «Екінші бір көңіл аударатыны – Нарын даласында шығармасында: «Екінші бір көңіл аударатыны – Нарын даласында «Қарабатыр» атауына ие болған нысандар кездесетін. Маған көп шежірені қолыма қондырып берген Амантай Кенжеуов марқұм, бастауыш кластарды Шалқардағы Қарабатыр мектебінде бітірдім деп еді. Забурын кеңесіне қарайтын төрт колхоздың бірі де «Қарабатыр» атында болған. Сонда мектепке, колхозға есімі еншіленген Қарабатыр кім еді? Құрманғазы ауданындағы белгілі заңгер, ұзақ жылдардан прокуратурада қызмет жасайтын Ғизатолла Мүрсәлиев азаматтың ортамызда 100 жастап асып, бақилық сапарға аттанған Қыдыр-баб Мүрсәліұлы есімді әкесі де «Қарабатыр» колхозында төраға, артынан ферма басқарғанын өз аузынан естігенмін. Қарабатыр Итемгенұлының Еділ-Жайық арасында қалмақтармен шайқастардың ортасында болған, сан мәрте жеңіске жеткен ірі қолбасшы екенін, заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбайұлы да атап жазған»,-деп келтіреді. Қазіргі заманның азаматы, менің құрдасым, Беріш-Жайық-Айбас-Мамыр бөлімінен Малесұлы Бақтығали, Нарын құмының Сазды жерінді, (қазіргі аудан орталығы Құрманғазыдан солтүстік-шығыс беткей – 45-50 шақырымдай) туып өскен, өзінің бастауыш мектебінің «Қарабатыр Итемгенұлы» атындағы болғанын айтады. Әлім-Кете-Ожырай Беріштермен келісе алмай, дау көтеру үшін Беріштермен тату-көрші тұрған Адай ауылына барымташы жасағанда, қасында ешкім жоқ, көмекке келген Қараның тұңғыш ұлы, Дәрі 27 жасында қаза болады. Сол ауылға шапқыншылық және Дәрі қаза болғанын кеш естіп келген жігіттер, кеш қалса да бұғып қашқан барымташыларды қуалап, ауылға жаяу айдайды. Ауылға келген соң бәрін де қойша көгендеп тастайды да: «Осыларды бір-бірдеп бауыздасақ қайтеді»,-деп, Дәрінің әкесі Қараға қарапты. Ол кезде Қараның 90 жасқа келіп, үйде жатқан шағы екен. Көгенде жатқан мүсәпір жігіттерді көрі: «Ай, алауыз қазақтарым-ай! Біздің түбімізге жетіп жүрген осы бір қылықтарың ғой. Бүгін бір-біріңді өлтіресіңдер, ертеңгі күніміз не болады? Оны ақылға салып ойладыңдар ма?»,-депті. Сонда өлімге шалынғалы жатқан жігіттер: «Енді мұндай сорақылық жасамаймыз, кешірім етіңізші, көке! Не тілесеңіз, соны жасаймыз», - деп, жер- жерден шулап жылапты. Сонда Қара бабамыз пышақтарын жанып, әзір отырган жігіттеріне: «Өлген Дәрі, бұларды бауыздап тастағаннан тіріліп келмес, босатып жіберіңдер», - депқарыз тұтқындарды босаттырыпты. Қара атамыздың, ақылға салып осы айтқан сөздері, Әлім руымен жек-жат екендігін, қазақтың арасындағы анда-санда болып тұратын оқыстық мінездерін, әрі қарай ұрпақтарға жайғызбауға арнағаны деп білемін. Қара 90 жастың үстінде өмір сүрген. Маңғыстауда қайтыс болған. Жерленген жері, Бозашы түбегінің, Қызан ауылынан, Қаламқас мұнай кен орынына жүргенде 35 шақырымдағы, өзінің атымен аталған бірінші қатарлардағы биік төбеде. Қасындағы 3 шакырымдай екінші төбеде, қайын жұрты жерленген қауым, Адай-Жары-Дәулеталы-Тұрым деп аталады. Осы жерде айта кету керек, Коммунистік партияның күші қайнап тұрган кезде, Қара-Атамнын ұрпағы, Әділов Ұзақбай (Беріш-Байсейіт-Тілес-Қаратокай-Андагұл-Айтболат-Есболай-Итемген-Қара-Есет-Ұзақбай ағамыз, өзі сол мезгілде билік басында, Маңғыстаумұнайгазқұрылыс тресінің бастығы бола тұрсада), Қара-Атамның басына ескерткіш-белгі, шағын кұлпы тас койған. Балалары: бәйбішесі Айсарыдан-(Адай руы Жары-Дәулеталы-Үсен байдың қызы, Досан батырдың туысы) - Дәрі және Есет; екінші әйелі Майсадан - Сары, Қамбар, Бөкенбай, Жанғұтты. | |
Просмотров: 1485 | |
Всего комментариев: 0 | |