Главная » Статьи » Мои статьи

Қарлығаш әулие

Қарлығаш әулие

(Беріш – Есен – Самай – Қараша – Тілеп – Шынтемір - Нұрымұлы)

 

Қарлығаш Самайдың бесінші ұрпағы. Қарлығаш шағын шаруасы бар, момын, адал, біреудің ала жібін аттамаған діндар адам болған. Күндердің күнінде, басы ауған жаққа кетіп қалатын түсініксіз ауруға ұшырайды. Ел – жұрты үрпейісіп: «Қарлығаш жынданып кетіпті» - деген. Бұл Алланың әмірімен болған оқиға болып шығады.

Түсінде ақсақалды Қыдыр Ата келіп: «Қарлығаш, сен жолға шық! Алдыңдағы атқа мініп, босанғалы жатқан әйелдің жанын алған албастыны, ит болып келіп, қу. Аузындағы жанды әйелге салғыз!» - деп, әмір береді. Қарлығаш Қыдыр Атаның айтқанын ойдағыдай орындап келеді. Қыдыр Ата Қарлығашқы: «Сен енді көріпкел, емші, сынықшы боласын. Зікір саларда: «Ақ жылан саған сыйындым, ор қоян саған сыйындым, қара қабан саған сыйындым» - деп, айтуды ұмытпа, бұл сенің аруағың. Тек адал бол. Алтынды көріп, жолдан тайсаң мерт боласың» - деп, мойнына сала құлаш ақ жыланды орап жіберген. Қарлығашқа әулиелік қасиет осылай қоныпты.

Категория: Мои статьи | Добавил: Aziat (21.01.2019)
Просмотров: 1310 | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0
avatar