Главная » Статьи » Мои статьи

Сұлтан Бейбарыс және Алтын Орда

Сұлтан Бейбарыс және Алтын Орда

 

     Сұлтан Бейбарыс, туған жұрты Алтын Ордамен тікелей дипломатиялық байланыс орнатуға ерекше маңыз берді. Оның себебі, араб тарихшылары көрсеткендей тек қана Хулагу иеліктеріне қарсы әскери одақ құру ғана емес, туған жерімен байланыс орнату, өз ұлтының ұлдары мен қыздарынығ Мысыр жеріне келуін қамтамасыз ету болды. Осы мақсаттарды орындау үшін Бейбарыс Алтын Орда хандарымен елшіліктерімен алмасады.

     Бату хан қайтыс болып, орнына Берке хан отырғанда, Хулагу хан сыбағасын оған беріп тұрудан бас тартады. 1262 жылы Хулагу хан өз үлесін сұрай келген Берке ханның елшілерін өлтіруі де осы себептен болады. (1-111-бет). Оның үстіне тақ үшін күрес қыза түседі.

     Ибн Абдузаһир өзінің кітабында Хулагу иеліктерінен Бейбарыстың хан астына қашып келген түркі тайпалары туралы жазады: «Берке ханның жақындарымыз деп бір топ татарлар, Хулугуден қашып келді. Хулагумен жағдай шиеленіскенде Берке хан оларға қайтып келіңдер, келе алмасаңдар Мысыр иеліктеріне өтіп, сұлтан Бейбарыстың қамқорлығын сұраңдар» - деген екен. Олар қатты дауға іліккен көрінеді. Тартыста Хулагудың баласы опат болыпты. Сұлтан Бейбарыс Шамдағы орынбасарларына хат жазып, оларды жақсылап күтіп алып орналастыруды тапсырды. Оларға және олардың әйелдеріне сый-сияпат көрсетуді жүктейді. Олардың төрт басшысын жылы қабылдап, Мысырға келіп орналасуға рұқсат береді. Оларға қажетті қой, жем, қант және т.б. заттарды бергізеді. Сұлтанның өзі оларды қарсы алуға шығады. Каир мен Мысырдың олардың алдынан шықпаған адамы қалмады.

     Бір ұлы күн болды. Олар мол әскерді, құжынаған халықты көріп, керемет таң қалды. Сұлтан оларға Лук жанынан тұрғын үйлер салуға әмір берді»-деп жазады.

 

Категория: Мои статьи | Добавил: Aziat (17.01.2020)
Просмотров: 2063 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar