Главная » Статьи » Мои статьи |
Сұлтан Бейбарыстың қазасы Ислам тарихнамасында сұлтан Бейбарыстың қайтыс болуы туралы неше түрлі аңыз-әңгімелер баршылық. Кейбір тарихшылар сұлтан қымызды көп ішкеннен, қайтыс болған дегенге дейін барады. Аңыздардың бірінде, тарихшы ибн Ибаридың айтуы бойынша, селжұқ түріктері мен монғолдарға қарсы жорықта сұлтанның жамбасынан садақ оғы тиіп жараланады. Бейбарыс бірнеше күн денесінен оқтың ұшын өзі шығармақшы болып қатты қиналады. Қанша тырысқанымен әрекеттері нәтижесіз болады. Ақыры лажсыздан емші шақыртады. Тарихшы, емшінің оқты оның денесінен шығаруымен, сұлтан да жан тапсырады деп көрсетеді. Ал, тарихшы ад-Дауадар келтірген келесі бір аңызда ай толық тұтылады. Жулдызшылар, сол кездегі түсінік бойынша, бұл табиғи құбылыста бір үлкен адам қаза табады деп жориды. Жұлдызшылардың сөзі, Бейбарыстың құлағына жеткенде ол түсті өзіне жорып, қатты тіксініп қалады. Басқа адамның басына келтіруге әрекет жасайды. Аңыз бойынша Дамаск қаласында, кезінде Шам мен Мысырды билеген аюбидтер әулетінің атақты бір тұқымы тұрады екен. Бейбарыс, түсті соның басына келтірмек болып, қымыз ішуге отырғанда, оны да алдыртады. Оған у салынған қымыз құйылған кесені өз қолымен ұсынады. Ол, әрине, сұлтан қолынан келген аяқты кері қайтара алмайды. Түбіне дейін ішіп салады да, үйіне барып сол күні қайтыс болады. Бейбарыс қажетін өтеуге шыққанда, қымыз құюшы ыдысты шатастырып, түбінде удың қалдығы бар тостағанға қымыз құйып сұлтанның алдына қояды. Еш нәрседен хабары жок сұлтан, жайбарақат қымыз құйылған аяқты босатады. Содан сұлтан Бейбарыс он үш күн ауырып қайтыс болады. Сұлтан бейбарыстың хатшысы Ибн Абдузаһир: «Сұлтан мухаррам айының бесі күні Дамаскіге келеді. Денесі ауырлап, дерті күшейді. Алеппо қаласынан шығып, Дамаскіге бір күндік жол қалған жерде қайтыс болды» - деп жазады, бірақ аурудың себептерін көрсетпейді. Сонымен, қәзіргі Мысыр, Иордания, Сирия, Палестина, Израиль, Ливан, Сауыт Аравиясының хиджаз жері мен Ирактың Евфрат өзенінің батыс жағындағы және Туркияның оңтүстік-шығысындағы жерлерін қамтыған Тіркі мемлекетін басқарған Қыпшақ династясының негізін салушы – нағыз патша, айбатты арыстан, сұлтан Рукиуддин уа дуния Бейбарыс бин Абдулла ал-Бундуклари ас-Салихи ан-Наджами ал-Аюби ат-Турки – Мысыр, Шам және Хиджаз сұлтан һыджра жыл санауы бойынша 676 жылдың мухаррам айының 27-де, күн ұясына қона, яғни 1277 жылдың, маусым айының соңында 17 жыл 2 ай 12 күн сұлтандық құрып, 52 жасында қапыда дүниеден қайтады. Тарихшы Бейбарыс ад-Дауадар, сұлтан Бейбарыс он сегіз жыл, екі ай, он, күн, ибн Тәңірберді 19 жыл екі жарым ай билік құрды дейді. Үш ұл, үш қыз қалды деп көрсетеді. | |
Просмотров: 842 | |
Всего комментариев: 0 | |