Главная » Статьи » Мои статьи |
Қашқын батыр (1787 – 1844 ж.ж.) Беріш – Байбақты – Құсылбас – Бегіс – Қосай – Пыштанай – Даңғыр - Әйтмәмбетұлы Қашқын – отаршылыққа қарсы қозғалыстың батырларының бірі. Қашқын батырдың бесінші ұрпағы (Қашқын – Ботан – Омар – Есмағамбет – Шененұлы - Дошу) марқұм Дошу ағамыздың айтқанындай: «Қашқын бабамыз 1827 – 1829 жылдардағы шаруалар қозғалысына, кейін 1836 – 1837 жылдардағы Исатай, Махамбет бастаған көтерілісіне қатысқан батыр болған» деген дерек бар. Бұл дерекке сенуіміздің бір себебі бар, неге десең Шененов Дошу ағамыз, Кеңес заманы кезінде, мұрағат құжаттарына қолы жететін лауазымды адамдардың бірі болған. Ұлы Отан соғысына қатысқан, белгілі қаламгер Дошекең, Есбол аудандық «Социалистік мал шаруашылығы» редакторы болған, кейін аудандық партия, кеңес органдарында басшылық қызметтер атқарған. Балалары: Сүйін және Ботан. | |
Просмотров: 1322 | |
Всего комментариев: 0 | |