Главная » Статьи » Мои статьи

Бөденені халық хан сайлаған

Бөдене Байтілеуұлы(1745-1799 ж.қ.б.)-18 ғасырда өмір сүрген би, Кіші жүздегі Беріш руының старшыны. Ата тегі Бөрібастан –Тума, одан Байтілеу, одан Бөдене туады. Сырым бастаған көтеріліске белсене қатысқан тарихи тұлға. Ол Сырым Датұлының Орынбор шекаралық комиссиясына жолдаған наразылық хатына қол қоюшылардың бірі болды. Сырым батырмен үзеңгілес жүрген атақты би, батыр. Нұралы хан халық көтерілісінен қашып жүріп өлгеннен кейін, Бөденені халық хан сайлаған.

Мұраттың: «...Әуелден Беріш ағасы Себек еді,

                          Айналып Қыдыр қонған Көбек еді.

                         Аунатып ақ киізге хан қойыпта,

                         Байұлы бір жиында Бөденені»- дейтіні осы.

Кейбір мәселерге келгенде Бөдене Сырым Датұлын қолдамаған. Оған 1791 жылы Сырым Датұлы «Жайық бойынан қырға көшіңдер, орыстармен сауда-саттық жасағанды қойыңдар, Орынбор жәрмеңкесіне мал айдамаңдар» деп хат жазған. Бөдене ол хатқа жауап қайтармаған. Орынбор генерал губернаторы Нигелстромның жарлығымен кіші жүзді басқару реформасына байланысты даулы мәселелерді шешетін шекара соты құрылғанда, оны Байұлынан шекара сотына сайлаған. Атырау облысы, Индер ауданында Бөдене атты ауыл бар. Бөдененің бейіті сол ауыл маңында. (Қазақстан ұлттық энциклопедиясы)



Источник: http://berish.clan.su/board/el_tany_an_berishter/z_ki_akhmetzhan_akhmetzhan_ly_berish_sebek/1-1-0-1
Категория: Мои статьи | Добавил: Aziat (09.06.2016) | Автор: Зәки Ахметжан Ахметжанұлы E
Просмотров: 2544 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar