Главная » Статьи » Мои статьи

Бөрте батырға естірту

Бөрте Бөрібасарұлы - туылған өлген жылдары белгісіз, 17-18 ғасырлардың 1-ші жартысы болса керек. Осы кезде Бөрте мен Жанбай Еділ бойына басқыншылықпен келген қалмақтарға қарсы бірнеше соғыстарда көзге түскен батырлар екен. Бізге жеткен мынадай әңгіме бар болулы. Бөрте батыр сол қилы заманда тоқым төсеніп, ер жастанып, жорықта  жүргенде әйелі екі баласы қайтыс болған. Жаманат хабарды Бөртеге жеткізуге  ешкім батылдық етпесе керек, сонда Шұбар батыр: -Бөрте құрдасым еді өзім естіртемін,- деп алдынан шығады. -Әй, Бөрте,  сен бір құдай ұрған адам едің. Құдай ұрмаса балаларыңа Аспан, Зімбіл деп ат қояр ма едің? Аспаның аспанға ұшты, Зімбілің жер құшты, қатының оның қасына түсті,- деген екен. Сонда Бөрте қайраттанып: -Әй, Шұбар, не деп тұрсың! Қатын елде, бала белде! Жанбайжан аман ба? Соны айт! – депті дейді. Сол уақыт қалмақпен арадағы жаулықтың ұшынған уақыты болса керек. Бөрте тағы жорыққа аттаныпты. Сонда Шұбар:-Бөрте қатын іздеп кетті. Әкелген қатынын сауғалап тағы бір жыл бойдақ жүргіземін. Жорықтан оралғанын хабарлаңдар,-деп  айтып қоюлы. Сірә, жанға батыра базыналық жасау құрыштай достықтың белгісі болса керек. Шұбарға хабар да жетеді:- «Бөрте ырғалып-жырғалып олжалы келе жатыр». Айқайлап алдынан шыққан Шұбар аман-есенсаулықсыз сауға сұрап: «Маған дүние мүлік керек емес! Қатын керек, сауғамды бер!»- деп жабысса керек. Сонда Бөрте сенің осыны істеріңді біліп, екеуін әкелдім. Таңдағаныңды ал деп көшке қарай  иек қағыпты-мыс. Жайық – Беріш- Ағатай да жорықтан оралып, құрдасы Жанбайға қалмақ қызын сыйлапты. Сол қалмақ қызынан Саржала туылған.



Источник: http://berish.clan.su/board/el_tany_an_berishter/z_ki_akhmetzhan_akhmetzhan_ly_berish_sebek/1-1-0-1
Категория: Мои статьи | Добавил: Aziat (09.06.2016) | Автор: Зәки Ахметжан Ахметжанұлы E
Просмотров: 1682 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar