Главная » Статьи » Мои статьи |
Бегәлі би Батырбекұлы-1819 туылып, 1902 жылы қайтыс болған. Еділ-Жайық өңіріне белгілі белді рулардың бірі Беріш, оның бас биі Бөдене бидің шөбересі Бегәлі Батырбекұлы тағайындалады. Бегәлі ішкі орданың 1-Прикаспий округінің билігіне араласқан би, қазақ-орыс шебіндегі жер, мал, жесір дауын шешуге қатысқан, Бөкей қазақтарының Гурьев дистанциясының депутаты болған. 1855 ж 1-округтің жеріне Шаланның құлпытасын көшіріп, қазақ-орыс жеріндегі қауымға апарып қойғызған. Содан «Өтірік Шала», «Шын Шала» атауы пайда болған, ішкі орданы басқару жөніндегі Гурьев дистанция басшысына, бекініс атамандары Бегәліден көрген жәбірін айтып арызданған.1-ші округтің әкімі Әтембек Сауғабайұлы да жәбір көрдім деп арызданыпты... Бегәлі от ауызды, орақ тілді шешен, айтқанын сол бойда орындататын болған. Осыған байланысты болса керек, ел ішінде «Қараның ханы» деп атайды екен. Дәулетің Бөденеден айдатылған, Түсыңа жүздеп құлын байлатылған. Сары қымыз тасқан судай сапырулы, Саны жоқ самауырынның қайнатылған. Қазақтан үй тәрбиең озған еді, Жұмақтың сарайындай жайнатылған. Түскенде басқа тарлық сөйлейтұғын, Халықтың бұлбұлысың сайрайтұғын. Алдыңда дұшпан шыдап тұра алмайды, Секілді нар бурадай айбатыңнан, Беріштен басқа қазақ теңдік алмайт, Ішінде жалғыз сенің қайратыңнан –деп жырға қосыпты ақын Мұрат Мөңкеұлы. «Адайдың жеруігі –Әтембек те, Беріштің керігі-Бегәлі» атаныпты. Источник: http://berish.clan.su/board/el_tany_an_berishter/z_ki_akhmetzhan_akhmetzhan_ly_berish_sebek/1-1-0-1 | |
Просмотров: 1523 | |
Всего комментариев: 0 | |