Главная » Статьи » Мои статьи

Берді би

Берді би

(Беріш – Байбақты – Құсылбас – Қосай – Пыштанай – Түгелік – Алдасай - Итенұлы)

(XVIIғ. II жартысы – 1868 ж.ж.)

1700 жылдардың 2 жартысы мен 1800 жылдардың бірінші жартысында Бегістің Даңғыр, Түгелік аталарының әулетін Алдасайұлы Берді ақсақал басқарған. Ол парасатты, ел ішінде аса қадірлі адам болды. Әйелі Марал атақты Құлбырақ батырдың туған қарындасы. Бердінің Маралдан туған баласы Мүсірәлі жастайынан алғыр азамат болып өседі. Ол өз руында ауылнай, би болған, 1878 -1884 жылдары Есбол болысын басқарған. Заман ағымын дұрыс түсінген, арабша сауатты, оқып, жаза білетін, сөзі өтімді кісі болған. 1902 жылы қайтыс болған. Мүсірәлінің үлкен ұлы Досжан Орынбордағы жеті жылдық кадет корпусын үздік бағамен бітірген. Екеуі арнаулы жолдамамен, Гурьев ояз басқармасында Досжан қолма-қол ауызша аудармашы, ал Жолдыбай жазбаша аудармашы болып жұмысқа орналасады. Досжан артынан «Письмоводитель первого стола» деген лауазымды қызмет атқарған (бүгінгіше айтқанда қалалық мәслихаттың хатшысы дәрежесдегі қызмет). Мұрат Мөңкеұлы Маңғыстауда жүріп елін сағынып, өлеңмен жазған хатында:

 

...Сілем де Досжан сынды ақсұңқарға,

Көңілім ынтазарлы жолығуға.

Законын екі жұрттың бірдей біліп,

Беріштен шығушы еді кеткен арға.

Нашардың қысылғанда панасы еді,

Қадірі кімнің болады қолда барда ? – деген жолдар бар.

Сонда Мұраттай азулы ақынның дуалы аузына іліккен, жоқ-жітік, халі нашар, жәбір көрген жандарға пана бола білгенін, заманында халықтың құрметіне ие болған, қарғыс емес, алғыс алғанын, айтулы азаматтардың бірі болғанын әдемі суреттеген.

1868 жылы 80 жасында Қаңбақтыда Мүсірәліден кейін Маралдан туған екінші баласы Медеудің қолында Берді ақсақал дүниеден өтті. Денесі аталары жатқан – Қашқын қауымына қойылды. 1878 – 80 жылдардағы Нарын – Жайық өңірін жайлаған қатты жұттан ығысып, Медеу жан – малымен теңіз жағалауына, Ақкөл жайлауына көшіп барады. Сол жылдарда тоқсанға жақындаған Марал бәйбішесі де дүниеден өтіп, сүйегітАқкөлдегі бегістер қауымына қойылды. Сонымен бұл қауым Марал - Ана қауымы деп аталып, жұрт оны әулие тұтып, басына түнеп жүрді. Берді бидің балалары:

Бәйбішесі Маралдан (Нұрапа) Мүсірәлі, Медеу.

Тоқалы Несібеліден: Бимағамбет, Қалымбет, Тасымағамбет.

 

 

Категория: Мои статьи | Добавил: Aziat (30.05.2018)
Просмотров: 1135 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar