Главная » Статьи » Мои статьи

Дастарханға ризашылық

Дастарханға ризашылық

 

Есболай (Беріш – Байсейіт – Тілес – Қаратоқай – Андағұл – Айтболатұлы )туралы мынадай бір аңызды келтірейік. Есболай атамызға құрметтеп сәлем беріп келушілер, әңгімесін тыңдаушылар көп болған. Есболай атамыз келген қонақтарын сыйлы – сипаттап қабылдайтын болған. Бірақ-та, кейбір қонақтар қоштасып кеткеннен кейін, Есболай атамыз нөкерлерін шақырып алып, әлгі қонақтарды Есболай қонысынан 2-3 дөңнен асқан соң, өлтіре сабаңдар, тек өлтірмеңдер деп бұйрық береді. Есболайдың бұл қылығы елге тарайды, бір дөкей батырдың құлағына тиеді. Әлгі батыр, Есболайдың мұнысы несі деп, оған қонаққа келеді. Әдептегідей қонаққа жақсы сый – сипат көрсетіледі. Қонаққа келген батыр еліне қайтады, 2-3 дөң асқан соң артына қарап, қуғыншылар келе жатырма деп күтеді. Бірақ олар көрінбеді. Батыр Есболай қайтып оралып, не себеппен қонаққа келгендігін айтып, артынан неге қуғыншылар жібермегендігін сұрайды.

Сонда Есболай атамыз айтыпты: «Мен сені неге сабатуым керек. Сен менің құрметті конағым болдың. Тамағымды іштің. Дастарханыма риза болып ас қайтардың, батаңды бердің. Мен саған риза болдым. Неге сені сабатуым керек?».

Батыр сұрапты: «Ал, алдыңғы сабалған қонақтарыңның несі кем?» - дегенде, Есболай атаның айтқаны: «Олардың нәистігі, тамағымды ішеді, ал ас қайтаруға келгенде, Ес-ақа ас қайтарып жіберіңіз деп, маған сілтейді. Сонда мен өз дастарханыма өзім ас қайтарамын, олардың менің дастарханыма ризашылық білдірмегені үшін сабаттым» - депті.

Категория: Мои статьи | Добавил: Aziat (04.04.2018)
Просмотров: 1081 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar