Главная » Статьи » Мои статьи |
Есболай би, батыр (1660 – 1765 ж.ж.) Беріш – Байсейіт – Тілес – Қаратоқай – Андағұл – Айтболатұлы
Аңыздан, ақиқатқа ауысқанда бірінші ауызға түсетін адам – Есболай Айтболатұлы. Есболай бабамыз аса ақылды би, белгілі батыр, әрі бай, жарлы – жақыбайларға жәрдемі тиіп тұрған, жомарт адам болған. Мыңдаған жылқы ұстаған. Құлсары – Мақат аралығында Есболай – Ақкөл деген жерде Есболайдың құдығы, Индер жақтағы Нарғозы құдығы да Есболай батырдың құдығы болған. Ақтөбе облысы, Арал тіңізінің солтүстігіндегі, Шалқар қаласына жақын орналасқан Борсық құмында да қоныстанған. 1695 жылдары Қарабаудан, Маңғыстауға қоныс аударған. Бозашы түбегіндегі Ақорпа құдығы, Керелді, Байтақ, Жиделі, Өжен, Қызықты, Елпілдекті, Теміртапқан, Құртты деген жерлер, Есболайдың қоныс жерлері болған. Маңғыстауға қоныстанған мезгілде өмірге келген бесінші баласын Қрныс деп атаған. Қазір Есболай – Қоныс тұқымдары түгелдей Маңғыстау өңірінде тұрады. Есболай туралы ел аузында әңгіме көп болған. Бір әңгімеде, Есболайдың кіндігінен көп уақытқа дейін перзент болмаған дейді. Жасы 35-40 қа келіп жігіт ағасы болған шағында перзенттің жоқтығына мұңайып, төбе басына шығып тұрған ол, қаптаған қалың жылқыларына қарап: «Ие, Құдай, осы малды маған бергенің рас болса, енді осының иесін бер» - деп құбылаға қарап, қолын жайып, Тәңір иесінен сұраған екен дейді. Осы төбеде отырып, қалың ойға батқан ол, Беріш Қаламқас әулиеге бәйбішесін алып барып, түнеткенді жөн көріп, барып қайтады. Ұйқыда жатса түс көреді. Түсінде ұзын бойлы, ақ сақалды, ақ киімді Қыдыр ата келіп: «Бар бол, балам! Екі ұл аласынба, әлде екеуге тұражақ бір ұл аласынба?» - дейді. Есболай, «Екеуге тұражақ бір ұл алайын, Ата» - дейді. «Ендеше тіректерінді Тәңірің қабыл етті», деп қос қолын жая жоғары көтеріп барып, ақ сақалын сыйпайды да ғайып болады. Ояна келсе түсі екен. Қуанышты түсін бәйбішесіне айтса, ол өзінің түсінде бала емізіп отырғандығын айтқан екен дейді. Осыдан кейін бәйбішесі жүкті болып, ай – күні жеткенде ұл босанады. Бала көрмей көңілі құлазып жүрген би, Тәңірі, берген ұлды қайта алып қояма деп қорқып, баласын күшіктеп жатқан иттің сүтіне ауыздандырып, атын Итемген деп қойғызыпты. Содан кейінгі туған ұлдарына, мынау Итемгенніңдеп көтені болып жүрсін деп, Көтен, үшінші ұлын алдыңғы екеуінің күшігі болсын деп Күшік, төртінші баласын Мәймен, ал соңғы ұлын, менің Маңғыстаудағы қонысым деп, Қоныс ат берген. Ертеден келе жатқан айтушылардың деректері бойынша, Құлсары қаласынан солтүстік – шығыс бағытында 60 шақырым, «Есболай - Ақкөл» деген жер бар делінген. Есболай бейіті сол жердің биік төбесінде орналасқан және оңтүстікке қарай 2 шақырым жерде қыстағы, сонымен қатар солтүстік – шығыс бетінде 2 шақырым жерден Есболай көлі басталады деген. Карталар бойынша Есболай ата зиратының кординаттары: солтүстікке қарай 47*30’, шығысқа қарай 53*45’ бағытта орналасқан. Есболай зираты Құлсары қаласынан тіке қара жолмен жүргенде – 57, асфальт жолмен барып Бек – Бике тұсынан бұрылғанда – 69 шақырым, ал «Бекбеке» разьезінен – 14 шақыры, асфальт бұрылысынан – 8 шақырымдай қашықтықта.
| |
Просмотров: 3522 | |
Всего комментариев: 0 | |