Главная » Статьи » Мои статьи |
Шынияз ақын – Исатай – Махамбет көтерілісіне бастан аяқ қатысыушы, ақын-жыршы. 1839 жылы Шыман (шын аты Шынғали) бидің алдауына түсіп, көтерісшілер «Бекетай» құмында қоршауда қалады. Жәңгір хан қайынатасы Қарауыл қожаның жасақшылары мен казак-орыс әскері екі жақтан қыспаққа алып Исатай мен Махамбетті тұтқындаудың қамын көздейді. Сондай жан алысып, жан беріскен хиямет-қайым шақта, екі батыр тобықоршауды бұзып шығады да, Шынияз, Есенғұл-Беріш Иса Төлегенов, Муса Тілесұлы бастаған 9 адам қолға түседі. Шыниязды Иркутскге айдайды. Ебін тапқан Шынияз жолда қашып шығып, екі жылдан соң, аман-есен елге оралады. Орта жүздегі Сегіз серіні тауып солардың тобына қосылады. Осы кезде Мақпал мен Сегіз ғашықтығына куә болып, «Мақпал Сегіз» жырының бір нұсқасын жырлаған ақын, осы Шынияз екен. Осы жырда Шынияз шарулар көтерілісінің бел ортасында болғандықтан Теректідегі БҚО және Қандағаштағы Ақтөбе хан жасағымен болған шайқасты былай жырға қосқан екен: ...Егіз, Балқы, Шомбалдың, Үрейін ерлер ұшырған. Жендетіне билердің, Атының жалын құштырған. Үндерін жаудың өшірді, Төбеден жай түсірді. Теректіден Балқыны, Исатай Сегіз көшірді. Исатай мен Махамбет, Бекмұханбет, Сегіздер, Тал түсте қолмен тиген соң, Қашты Шомбал, Егіздер... Источник: http://berish.clan.su/board/el_tany_an_berishter/z_ki_akhmetzhan_akhmetzhan_ly_berish_sebek/1-1-0-1 | |
Просмотров: 1568 | |
Всего комментариев: 0 | |