Главная » Статьи » Мои статьи |
Қондыбай шешен Байшағырұлы-Х1Х ғасырда өмір сүрген, сөзге шешен, әрі шебер етікші болған көрінеді. Арал хазреттің әкесі Үдердің туған інісі. Жәңгірхан заманында Саржала немересі Қойбас би Қондыбаймен барып, ханнан жер сұраулы. Сонда Қондыбай тақпақтай жөнеліпті:Жайықты орыс бермейді, Әдепті Қойыс білмейді. Ірге құмды Тана бермейді, Қаратоқай және бермейді. Аспаннан құдай жаңбыр бермейді, Жерді Жәңгір бермейді. Кетейін десем сені қимаймын, Кетпейін десем ен Нарынға сыймаймын-деп, Себек аталығына ат шаптырым жер алып, «Қойбас қорығы» атандырыпты. Кейін асқан шеберлігімен ханға жағып, кебіс, етік, бір ілгегін ағытқанда мәс болып шығатын оюлаған аяқкиім тігіпті, сөйтіп хан тілегін орындапты деседі. Хан Қондыбайға: Саған мынадай сұрағым бар. Мал не, қыз не, әйел не, ұл не, ер не?-депті. Сонда Қондыбай мүдірместен: Мал кіріс емес пе? Қызың өріс емес пе? Әйел ердің тұрағы, Ұл елдің шырағы. Инабат ел азығы, Ер ел қазығы,- деп жауап беріпті. Риза болған хан зерлі шапан жауып, ер-тұрманымен ат мінгізіп сыйлапты. Сөйтіп, Үдірдің баласы Аралды хан қазынасынан қаржы бөлдіріп, оқытқан да осы Қондыбай. Источник: http://berish.clan.su/board/el_tany_an_berishter/z_ki_akhmetzhan_akhmetzhan_ly_berish_sebek/1-1-0-1 | |
Просмотров: 1378 | |
Всего комментариев: 0 | |