Главная » Статьи » Мои статьи

Рахмет батыр (Ер батыр)

Рахмет батыр (Ер батыр)

(Беріш – Байсейіт – Тілес – Қаратоқай – Айтқожа – Андықожа – Шахан – Байхан – Сан - Баймағамбетұлы)

 

            Бір күні Рахмет атамыз малына тыныштық бермеген қасқырдың ізіне түсіп, інін табады да, оның ішінен шығуын аңдиды. Сөйтіп, інінен шыға берген қасқырдың үстіне қарғып түсіп, жағын аштырмастан қыл шылбырмен ноқталайды да, ауылына айдап келіп, тірілей терісін сыпырып қоя беріпті. Терісіз қасқар қайдан өмір сүрсін, бұралаңдаған жүріспен ұзап барып құлап, жан тапсырыпты. Ол кісіні білетіндердің бәрі де «Ер Ата» деп атапты.

            Ер атамыз жер дауына қатысып, әділетсіз тентектердің мысын әлденеше рет қамшымен басқан екен. Бірде 12-нші ауылдағы (Қараман тана руындағы) қайын жұртына барып – қайту үшін жолға шығады. Жолшыбай кездескен бір кісіден жол сұраса, ол: «Қайын жұртыңа баратын екі жол бар. Бірі айналып баратын қашық жол, екіншісі өзіңізге қатерлі қысқы жол. Бұл жолда байдың бір қора түйесі жайылып жүр. Ішінде кісіге шабатын бурасы бар. »- дейді. Рахмет ата қысқа жолға түседі. Көп ұзамай көп түйенің ішінен таудай болып ақ көбігін шайнаған қара бура қарсы шабады. Қасқиып қарсыы алған Ер атамыз көз іліспес жылдақдықпен қақ тұмсықтан соққанда, бақ еткен бура шоқиып отырып жан тапсырады. Буранын анық өлгенін білген атамыз қайын жұртына келеді. 1-2 күн қонақ болып, аунап – кунайды.

            Бурасы өлген бай, ауылындағы татар молдасын жұмсап, батырдығ үзеңгісіне ешкімге білдірмей у жақтырапты. Ер атамыз осы удың зардабынан ауырып, еліне келеді. Ауырған аяғымды балтамен шап дейді. Ешкім батылы барып аяғын шаба алмайды. Осыдан кейін Ер ата қаза табады.

            Балалары: Сәкен, Мәдем, Құбаш, Қоныс, Маңғытжан, Барша.

Категория: Мои статьи | Добавил: Aziat (10.12.2018)
Просмотров: 1164 | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0
avatar