Главная » Статьи » Мои статьи |
Саржала(Өмірзақ) батыр Жанбайұлы- 1730 жылы туылған болса керек. Сырым батыр қозғалысына бастан-аяқ қатысқан батыр. Саржала батыр шамамен 1815-1817 жылдары қайтыс болған. Ол туралы М. Вяткиннің «Сырым батыр», Ә.Ғабдуллиннің «Саржала» кітаптарынан толық мәлімет алуға болады. Ел аузында «Саржала 90 жасқа жақындағанда Исатайдың бір ісіне разы болып, ол старшын болып атқа мінгенде сауыт-сайманын тапсырып, батасын беріпті»-деген сөзі дәлел болса керек. Нарынға 1801 жылы Бөкей бастап келген елдің ішінде Себектің Бөрібастан өрбіген Тума, Бөрте, Жанбай атты балаларының немере, нементайлары да болған. Қауымдасқан бұл ауылға Саржаланың немересі Бекбайұлы Қойбас би болған көрінеді. Сырым Алдар биге барып ақыл сұраған, бидің жасы ұлғайған шағы болса керек. Сонда Алдар би, сол замандағы Беріш-Себектің биі, әрі батыры Саржалаға барып жолығуына кеңес беріпті. Сырым Саржаламен екеуінің арасында салқындық барын айтқанда. Екеуіңнің араңдағы ағайын арасындағы өкпе-наз, сенің жауың-Саржалаға да жау, елдің жауы-деген екен. Мұны мақұл көрген Сырым Саржалаға беделді ақсақалдарын жұмсаса керек. Сонда Саржала: -Тайы құнан шықсын, Құнаны дөнен шықсын, содан кейін келсін-депті. Патшаға, ханға қарсы көтерілуге ел даяр емес, асығыс іс қылып арандаудың жөні жоқ дегені екен. Келер жылы Сырым бастаған қозғалыста Саржала қол бастаушылардың бірі болыпты. Біріншіден, Саржала елім деп туған ер, арқалы батыр, қолбасшы болулы. Екіншіден, айыр тілді шешен, төрені төрден тайдырған, ақ қараны айырған дана, білікті би бола білген. Үшіншіден, ол ел билеген қайраткер, алдын аңдай білетін көреген болған. Источник: http://berish.clan.su/board/el_tany_an_berishter/z_ki_akhmetzhan_akhmetzhan_ly_berish_sebek/1-1-0-1 | |
Просмотров: 5050 | |
Всего комментариев: 0 | |