Главная » Статьи » Мои статьи

Құспан молда

Құспан молда

(Беріш – Байбақты – Құсылбас – Бегіс – Наурыз – Текебай – Түменбай – Жандалы – Меребай – Дәуім – Нұрмұқашұлы)

(1887 – 1980 ж.ж.)

 

            Құспан молда туралы, Батыс Қазақстан өңірінің белгілі шежіре жинаушысы, Беріш Ата ұрпақтарының шежіресін тұңғыш рет жинақтауын ұйымдастырған, баспадан кітап ретінде шығарған, Атырау қаласының азаматы Жұмашұлы Гинаят ағамыздың 1999 жылы, ақпан айындағы №20 «Ата мекен» газетінде жарияланған мақаласынан үзінділерді ұсынып отырмыз.

            Қазақ халқының аты ауызға ілінген дарабоз дүлдүлдері, туа біткен талантты перзенттері, мұсылман дінін уағыздап, елді имандылыққа, адалдыққа шақылған қажы, имам, молдалары көп болған. Олар қазақ даласында туып, дала философиясын бойына сіңіріп, халқымен бірге өмір сүрген. Осындай дарынды азаматтарымыздың бірі – Құспан молда.

            Атырау қазақтары Құспан молданың есімін жақсы біледі. Құспан молда 1887 жылы Гурьев уезінің Бесікті ауылында дүниеге келген. Жеті жасынан бастап әкесі Нұрмұқаштың қасында ауыл мешітінде оқып, арабша сауатын ашады. Құспан молданың әкесі Нұрмұқаш та, оның аталары Дәуім, Меребай, Жандалы, Түменбай да молда болған адамдар.

            Атырау қаласының Еуропа бетіндегі бөлігінде Самарханд атты үлкен көше болды. Сол көшенің бойына орналасқан мұсылман мешітін тұрғызуға үлкен еңбек еткен – Құспан молда және оның өзі осы мешіттің бірінші иманы болады. Мұсылман діни мекемесінен 1929 жылы 2 – қарашада берілген куәлігі қалалық мешітте сақтаулы тұр.

            Құспан молда 1980 жылы 93 жасында дүние салды. Жергілікті мұсылмандардың өтініші бойынша, Атырау қаласы әкімінің шешімімен, Самарханд көшесі Құспан молда көшесі болып аталды. Әкім мұндай шешім қабылдағанда Құспан молданың мұсылман дінің ел арасына насихаттауда, халықты имандылыққа, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеуде сіңірген еңбегін ескерген болуы керек. 

            Құспан молда Кеңес үкіметі кезінде қатал жазаланып, 1933 жылдан 1943 жылға дейін жер аударылған. Бірақ кейін аман – есен елге келгесін де, дін жолынан таймай, өмірден озғанға дейін мұсылман дінінің жанашары болған.

Балалары:

бірінші әйелі Ақжонастан – Мүтиғолла, Кәрима;

екінші әйелі Ұштаптан – Нығмет (Нығметолла);

үшінші әйелі Қамқадан – Қамза.

Категория: Мои статьи | Добавил: Aziat (21.12.2018)
Просмотров: 1381 | Рейтинг: 4.0/3
Всего комментариев: 0
avatar