Главная » Статьи » Мои статьи

Қыздың дауы

Сол заманда, Беріштің ауылынан Әлімнің бір жігіті, біреуге айттырып қойған, сұлу қызды алып қашыпты. Ата – анасы қызының қайда кеткенін білмей сергелдең болып жүргенде, болған жайды Шолақ би бір жолаушыдан естиді. Кешірім сұрауға да ешкім келмей, жылға жуық уақыт өтіп кетіпті. Сол қыз барған жерінде қайтыс болыпты. Бұл хабарды естігеннен кейін, ауыл ақсақалдары сұраусыз кетіп, ажалы жеткен қыздың дауын шешу үшін Шолақ биді жұмсап, қасына Жеті баулы Беріштің бір – бір батырын қосыпты. Шолақ би бастаған топтың келетінін білмеген жауапкер ауыл, абыр-сабыр болып қалысады.

                Шолақ би: «Біз қонақ болғалы келгеніміз жоқ. Ауылдың би – ақсақалдарын шақырыңыздар, айтатын сөзіміз бар» - дейді. Би – ақсақалдары жиналған соң, Шолақ би: «Айтатын сөзім мынау. Бірінші, құда болысып, құйрық – бауыр жесіп баталасуға, байлықтарың жетпегендей қызымызды алып қаштыңдар, екінші, алып қашқан сап – сау қалыңдығын мәпелеп – ардақтауға құдәреттерің жетпегендей, оны өлтіріп тыңдыңдар, үшінші, кешірім сұрау, қазаның қабірін жеткізуге де ақылдарың жетпегендей үнсіз отырсыңдар. Бұл елдікке жата ма, әлде жаулыққа жата ма?»

                Сонда сол ауылдың биі: «Бір теңтектіктің ісіне жауласып қайтеміз. Айып бізден. Басын алсаңыздар айыпкер жігітті ұстап берейік, төрелігін өзің айт, қарағым» - депті.

                Шолақ би: «Айтатын болсам, айыпкердің басын алғанмен, қызымыз тірілмес. Айыптарыңызға, үш адамның құнын төлейсіздер» - деген. Жауапты жақ бұл айтқан шешімді орындауға мәжбүр болыпты.

 

Категория: Мои статьи | Добавил: Aziat (22.08.2018)
Просмотров: 1135 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar