Главная » Доска объявлений » Ел таныған Беріштер

В категории объявлений: 31
Показано объявлений: 31-31
Страницы: « 1 2 3 4


Сортировать по: Уақыты · Атауы · Пікірлерге · Қарауға

Ахметжанұлы Зәки–1950 жылы 25 ақпанда Өрлікте дүниеге келген. Оқу бітіргесін, Гурьев қаласындағы ДОСААФ-та жүргізушілік оқып, «Ленин» орденді "Передовик" к-з.шофер, 1969 жылы   әскери қызметте жүріп,Ашгабад әскери училищесін(САВО) 1971 жылы аяқтап, Шымкент, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарына бөлім  басқарып, «Уражай-71» қатысқан. М.Сирановатындағы орта  мектепте 1972 ж әскери жетекші, Гурьев а/ш техникумын-1975 жылы, Атырау педагогикалық институтын бітірген, жоғары санатты, әдіскер мұғалім.Биология курсы бойынша  6-11 сыныптарға арналған тестілер жинағы мен Биологиядан «Электронды әдістемелік оқулықтың» авторы, «Инновациялық педагогикалық  идеялар» фестивалінің лауреаты. «Деңгейлік тапсырмалар жинағы», «Мемлекеттік стандарт негізінде тест тапсырмалары», «Оқушыларды шығармашылық ізденіске баулу және дарындылық қабілеттерін дамыту мен білім сапасын арттыру жолдары» әдістемелік жинақтарын аудан, облыс  ұстаздары оқу-тәрбие жұмыстарында  пайдалануда. Себектің Тума аталығының шежіресін жинақтап,  зерттеген шежіреші. Дендер газетінің 1965 жылдан  штаттан - тыс тілшісі, бірнеше қоғамдық жұмыстар атқарды. Октябрь Революциясының 60 жылдығы  мерекесінде А. Имановтың, И. Таймановтың туғанына 100 мерекесінде, Амангелді,  Махамбет  рольдерін сомдап, аудан, облыс халқы тамашалады. 1999 жылдан «НҰР ОТАН» ХДП мүшесі, Елтай селолық округі бастауыш партия  ұйымының төрағасы болды. 1978 жылы оқушыларға әскер-патриоттық тәрбие берудегі жетістіктері үшін,  «КСРО ҚК 60 жылдығы» медалімен «ҚР Білім беру ісінің үздігі» (2000ж), Белсенді жұмысы үшін Елбасының екі рет Алғыс хатымен (2005-2007ж) марапатталды. 2007 жылы «НҰРОТАН» ХДП-ның және Білім және Ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасымен және 2010 жылы ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері  төс белгісімен, Индер ауданы әкімінің, "Дендер" үнқағазының Құрмет грамоталарымен марапатталған. Жанұяда Қ.Бекешева–зейнеткер, Лауэра –Астанада, «ҚР КФ оқыту, зерттеу және дауларды реттеу орталығының» оқыту жөніндегі басқарма басшысы, Самал–БҚО Жәңгірхан атындағы университеттің аға оқытушысы т.ғ.к, Бауыржан 1- сыныпты заңгер, капитанБҚО прокурорының аға көмекшісі.

Ел таныған Беріштер | Просмотров: 1741 | Дата: 09.06.2016 | Комментарии (0)