Главная » Доска объявлений » Ел таныған Беріштер

В категории объявлений: 31
Показано объявлений: 11-20
Страницы: « 1 2 3 4 »


Сортировать по: Уақыты · Атауы · Пікірлерге · Қарауға

Қамашев Қасан-14.12.1933 жылы  дүниеге келген. Қиындыққа шыңдалған жастың білімге құштарлығы сол  Жалғансайдан Жаманқалаға жаяу барып оқып,интернатта сан ұлт өкілдерімен бірге жатып есейді.Қазақтың тау-кен институтын бітірген.  1956-1976 жылдары Индер геологиялық барлау экспедициясында геолог, ағагеолог, партия басшысы, 1976-1989 жылы бас инженері болып қызмет жасаған. Ол 1964 жылы N.25 ұңғысы бұрғыланып, өте құнды борат кенін тапқан. Сатимола кен орнын ашу, 99 кен игеру, тұз күмбездерін ашу оның есімімен тығыз байланысты.

Дендер күмбезіндегі мол қазба байлығының әр тасы мен тұзын қолмен ұстап, оның сапасын, құрамын, қаншаға жететінін  есептеп, жатқа соғатын «Кен орнын алғаш ашушы» белгісінің екі мәрте иегері, ауданның Құрметті азаматы Қасан Қамашұлыболатын. Индер геологиялық-барлау экспедициясында 23 жыл геолог, 13 жыл бас инженер болып жұмыс істеп, 1989 жылы  53 өтілмен зейнеткерлікке шыққан «Қазба байлықты барлаудың үздігі» белгісінің иегері, Каспий маңы мен Сәтимола күмбезіндегі бор, борлы калийлі тұздарды іздеу, барлау мәселелеріне арнап, әріптестерімен біріге 8 ғылыми еңбек,16 геологиялық талдау есебінің авторы атанды.1991-1997 ж «Кен орнын алғаш ашушы». «Қазба байлықты барлаудың үздігі», бірнеше медальдармен марапатталған. 2005 жылдан Қазақстан Республикасының Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі. Индердің байлағын зерттеуге 53 жылын арнаған Қасан ағаның марапаттар да аз емес. Ол Қазақ КСР-інің Құрмет грамотасымен, «Айбынды еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен  тағы да басқа марапттардың иегері.

Зейнеткер, Индер ауданының Құрметті азаматы.  Индерде тұрады. Олардың ұл-қызы Қамбар мен Ләззаттың өздері бүгінде өмірден өз орындарын тауып, ата-анасына немере-жиендерін сүйдіріп отыр.

Ел таныған Беріштер | Просмотров: 1451 | Дата: 01.07.2016 | Комментарии (0)

Қабдықайыров Құрмет- 1937 жылы Елтай ауылында дүниеге келген. 1953 жылы Елтай орта мектебін, 1959 жылы КазМҰУ-ді бітірген. Математик-ғалым, 1994 жылы педагогика ғылымдарының докторы, 1985 жылы профессор атағын қорғаған. Алматы а/ш, Семей пединститутында кафедра меңгеруші, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор болған.  Кейінгі жылдары КазМУ-де кафедра меңгерушісі, 8 оқулық, 2 монография, 100-ден аса ғылыми еңбектің авторы. Алматыда тұрады.    

Ел таныған Беріштер | Просмотров: 1351 | Дата: 01.07.2016 | Комментарии (0)

Мысыров Қамидолла Жұмағұлұлы- 1932 жылы 25 мамырда туылған. Жауынгер –интернационалист, 1953 жылы Солтүстік Кореяда соғысқа қатысқан. 1956 жылы жылжымалы клубтың меңгерушісі, 1960-65 жыдары аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, инспекторы, 1965-69 және 1974-1976 ж аудандық кино жүйесінің директоры, 1969 74ж Индербор кенті кеңес атқару комитетінің төрағасы, 1976-1992 ж аудандық коммуналдық мекемесінің директоры, аудандық сақтандыру мекемесінің бастығы болған.

Ел таныған Беріштер | Просмотров: 978 | Дата: 09.06.2016 | Комментарии (0)

Тұхфатов Қасым- 1933 жылы 9 ақпанда Махамбет ауданы, Бақсай ауылында дүниеге келген. 1955 жылы Қазақ тау-кен институтын бітірген. Өндіріс жетекшісі, геолог, геология-минералогия ғылымының кандидаты ғылыми атағын қорғаған. Индер күмбезінің шикізат қорын барлау және игеруді ұйымдастырушылардың бірі. 1964-82 жылы Индер геологиялық барлау экспедициясында геолог, 1982-87 жылы бас геологы  болған. Екі монографиясы, 30 геологиялық талдаудың авторы. «Құрмет белгісі» орденімен, «КСРО құрметті кен барлаушысы» , «Кен барлау ісінің үздігі», Индер, Сатимола борат, тұз кендерін тапқаны үшін «Кен орнын алғаш ашушы» белгісімен марапатталған. Индерде Тұхфатов Қасым есімімен аталатын  көше бар. №99 Қасым Тұхфатов атындағы кен орыны Индер,Сәтимола борат және Индер ас тұзы кендерін алғаш ашқаны үшін үш дүркін «Қазақстан республикасының кен орнын алғашқы ашушы» атанған, есімі республикалық Алтын Құрмет кітабына жазылған, «КСРО-ның Құрметті кен барлаушысы»Қасым аға Тұхфатовтың адал да нақты еңбегінің жемісін кейінгілердің әлі де көре берері анық. Өйткені, ол елі үшін еңбек еткен азамат еді.

Ел таныған Беріштер | Просмотров: 1017 | Дата: 09.06.2016 | Комментарии (0)

Төремұратов Есенияз -5.12.1931 жылы  Тума ауылында дүниеге келген. Индер борат кенішінде өндіріс жетекшісі, бөлім бастығы болып  қырық төрт жыл жұмыс жасаған еңбек ардагері. 1974 жылдан  «КСРО химия өнеркәсібінің үздігі» белгісінің иегері. Бірнешемедаль, Құрмет грамоталармен марапатталған, зейнеткер. «Дендер» үнқағазының белсенді  оқырман тілшісі.   Индерде тұрады.

Ел таныған Беріштер | Просмотров: 1103 | Дата: 09.06.2016 | Комментарии (0)

Қалимұлы Ғинаш- 1915-1976ж.- жергілікті басшы. 1937-1939 жылдары А.С.Пушкин атындағы Орал мұғалімдер институтының география және қоғамдық ілімдер бөлімін бітірген. 1939-1945 жылдары, 2-ші дүниежүзілік соғысына қатысқан. Офицер-ұшқыш.1947-1950 жылдарда Жамбыл атындағы орта мектепте директордың орынбасары, 1950-1954 жылы Қызылжар орта мектебінің, 1954-1961 жылы Өрлік орта мектебінің директоры қызметтерін атқарған. 1961-1971 жылдарда Өрлік селолық атқару комитетінің төрағасы қызметін зейнетке шыққанша атқарып, ел құрметіне бөленген жан. Ұзақ жылғы мінсіз қызметі үшін «Құрмет белгісі» ордені және  бірнеше медалдармен марапатталған. Ұлдары - Ербол, Нұрбол Өрлік ауылында, Саяны Атырауда  тұрады.

Ел таныған Беріштер | Просмотров: 989 | Дата: 09.06.2016 | Комментарии (0)

Қыдырұлы  Қайсағали 1924 жылы Есбол селосында қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келген.1940 жылы орта мектеп аяқтап ФЗО-ға түседі. Оны бітіргесін «Казнефтестрой» кәсіпорнында тас күйдіруші болған.

1942 жылы 15 тамызда Орынборда әскери дайындықтан өтіп, Қарағандыда жасақталған  72 гвардиялық двизиясындағы 155 артполкте наводчик, орудия командирі болады.   Польша, Румыния, Венгрия, Чехославакия жерін жаудан азат етуші. Соғысты 1945 жылы 9 мамырда Прага жерінде аяқтап, туған елге оралады. 1-ші дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін»,  т.б. медалдармен марапатталады. Ауданда ІІБ қатардағы милиция, 1949-1956 жылдарда төлқұжат бөлім бастығы,  ал 1965-1981 жылдарда ОБХСС бөлімінде инспекторы, 1981 жылы арнаулы комендатурада қызмет жасаған. «Милицияның үздік қызметкері». «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері, подполковник дәрежесіне дейін өсті. 1947 жылы  Ақкенжемен шаңырақ көтеріп, екі ұл, үш қыз тәрбиелеп олардан бірнеше немере сүйді.Ұл-қыздары Индерде тұрады.

Ел таныған Беріштер | Просмотров: 850 | Дата: 09.06.2016 | Комментарии (0)

Қабдешұлы Зинеден 1923 жылы Индер ауданы, Өрлік ауылында туылған. 1950 жылы Оралдағы және 1968 жылы Гурьев педагогикалық институтын бітіріп әртүрлі басшылық қызмет атқарды. 1941-1942 жылдары Есбол аудандық НКВД жұмыс жасаған. 1942-1946 жылдарда, Ұлы Отан соғысына қатысып, үш рет жараланған,  Ұлы Отан соғысының 1-ші дәрежелі, 3 дәрежелі Даңқ, Қызыл Жұлдыз  ордендерімен, «Ерлігі үшін» «Сталинградты қорғағаны үшін», Жеңістің 20,30,40,50 жылдық, ҚК 50, 60, 70 жылдық мерекелік медалдарымен наградталған. 1946-1950 жылдары   Папанин, Тума, Толыбай мектептерінде мұғалім, С.Сейфуллин атындағы орта мектепттің директоры болған. 1951 жылдан партия мүшесі. 1949-1965 жылдары «Правда» ұжымшарында партком, 1965 – 1980 жылдары өндірісте, ауылшаруашылығында, партия, кеңес орындарында басшылық қызметтерде болған.

Ел таныған Беріштер | Просмотров: 1036 | Дата: 09.06.2016 | Комментарии (0)

Досқалиев Меңдібай Қайроллаұлы- 23.02.1953 ж. Махамбет ауданы Жаңа-Тұрмыс ауылында дүниеге келген.  1960 жылы 11 ауылдағы Фурманов орта мектебін 1970 жылы бітіреді. Алматы мемлекеттік медицина институтына түсіп, 1975 жылы фармация мамандығы бойынша бітіріп, Атырау қ. №26 аптекада бастықтың орынбасары болып еңбек жолын бастайды. Кейін әртүрлі лауазымда басшылық қызметтер атқарған. Қазір Атырау облыстық Наркология диспанцерінде бас дәрігер қызметінде. Отбасылы 3 қыз тәрбиелеп, немере-шөбере сүйген ата, Атырауда тұрады.

Ел таныған Беріштер | Просмотров: 1023 | Дата: 09.06.2016 | Комментарии (0)

Иманғалиұлы  Өтеген-15.06. 1934 жылы қарапайым отбасында дүниеге келген. 1941-1949 жылдары Махамбеттегі орта мектепті бітіріп,  Гурьевтегі № 9 училищеге түсіп 1951 жылы электрик мамандығын алып шығады. 1953-1956 жылдары Кеңес армиясында қызмет атқарған. 1956 – 1958 жылы Гурьев МТС-да техник-электрик болып жұмыс жасаған. 1958-1960 жылы Талғарда техникум оқып келіп,  1961 жылға дейін Новобогат совхозында ауылшаруашылығы машиналарының бас механигі болады. 1961-1967 жылдары Махамбет ауданында  селхозтехникада инженер болып жасаған.  1967-1989 жылдарда Казсельхозтехника жөндеу мастерскойының басшысы болған. Ал 1989-1990 жылы Махамбет ауданы механикаландырылған бөлімшесінің бастығы жасады.

1990-1998 жылдарда сүт заводының директоры қызметін атқарған.

1998-2003 жылы  Атыраудағы «Бейбарыс» Авиакомпаниясының бастығы болып  зейнеткерлікке шыққанша жұмыс жасаған.

Ұзақ жылғы үздіксіз еңбегі үшін облыстық, аудандық дәрежедегі  Құрмет грамоталарымен, заттай бағалы сыйлықтармен марапатталған. Жанұялы,  балалары:  Бейбіт, Аманқос, Әсел Атырауда тұрады.

Ел таныған Беріштер | Просмотров: 958 | Дата: 09.06.2016 | Комментарии (0)