Главная » Доска объявлений » Ел таныған Беріштер |
В категории объявлений: 31 Показано объявлений: 21-30 |
Страницы: « 1 2 3 4 » |
Сортировать по: Уақыты · Атауы · Пікірлерге · Қарауға
Тухпатов Зәйден (1934 – 2004 жыл, Атырау қ.) – мұнайшы, инженер-электрик. 1958 жылы Атырау мұнай техникумын, 1976 жылы Москва қаласында Бүкілодақтық сырттай политехникалық институтын инженер-электрик мамандығы бойынша бітірген. 1958 жылы еңбек жолын «Қаратон» мұнай өндіру кәсіпшілігінде электр монтер, электр цехы шебері болып бастады. 1972 – 1979 жылдары «Ембімұнай» бірлестігі Балықшы барлау-бұрғылау басқармасында электр қондырғыларын жөндеу шебері, инженер-электрик. 1979 – 1985 жылдары «Ембімұнай» бірлестігі Балықшы барлау-бұрғылау басқармасының бас энергетигі. Қамысты, Мартыши, Орталық және Шығыс Прорва, Батыс Прорва, Королевское, Теңіз және тағы да басқа мұнай өндіру орындарын электрлендіру кезінде үлкен белсенділік көрсетіп абыройлы еңбек еткен. 1985 жылы маусым айында 400 күн, 400 түн бойы аласұрған Теңіздегі №37 ұңғымыдағы алапат өрт болған оқиғаның басынан бастап аяғына дейін қатысқан. Алапат өртпен белдескен жерде бүгіндері «Теңізшевройл» мекемесі жұмыс жасауда. Зейнеткерлікке дейін Атырау теміржол ЭЧ-4 мекемесінде бөлім бастығы болып қызмет істеді. Белгі, медальдармен марапатталған. Ұлдары - Бауыржан, Жәнібек, Нұрлыхан,қ.б. қыздары - Ләззат, Фарида. |
Иманғалиев Қуаныш Есенәліұлы - 1924 жылы 5 қаңтарда дүниеге келген. Жеті жылдық білім аған, жастай алғыр, зерек болып өскен оны 1940 жылы желтоқсанда Бақсай кеңшарына есепші етіп жұмысқа алады. Замана ызғарын жүрегімен сезінгентол ерте есейді, ел ісіне , қоғамдық өмірге ерте араласа бастағанда алапат соғыс басталып кетеді. Басқа құрдастары секілді майданға сұранып әскери комиссариаттың табалдарығын тоздырды. Ақыры 1942 жылдан бастап, Ұлы Отан соғысына бастанаяқ қатысқан. Соғыста атқыштар ротасы командирі, аға лейтенант Иманғалиев Қуаныш жауынгерлерімен жеңіске үлес қосқаны анық. Соғыстан кейін оны Прикарпатия әскери округінде әскери қызметін жалғастырып, елге 1946 жылы подполковник шенінде оралады. Сол жылы ол Бақсай аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде 1962 жылға дейін бас есепші қызметін атқарған. 1962 жылы ол мемлекеттік тәжірибе стансасында 1984 жылға дейін үзбестен бас есепші болып зейнеткерлікке шыққанша жасаған. Ұлы Отан соғысындағы жанқиярлық ерлігі үшін 1-2 дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» , «Қызыл Жұлдыз», « Жеңіс үшін», орденідерімен, «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медалдарымен және Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 20-30-40-50-55 жылдық, СССР ҚК-нің 30-50-60-70 жылдық мерекелік медальдары, Григорий Жуков 1896-1996 жыл, «Москва шайқасына 65 жыл, Украйнаны азат еткенінге 60 жыл медалымен марапатталды. Бүгінде ұрпақтары Атырауда, Астанада тұрады. |
Мүтәлиев Рашид Отарұлы -1928 жылы Зеленый селосында дүниеге келген. Исатай Тайманов орта мектебін үздік бітіріп, Гурьев теңіз техникумына түседі. Жанұя жағдайына байланысты оқуды бітіруге жағдай болмағандықтан, балық комбинатына карточка бюросына жұмысқа орналасады. Сөйтіп облыстық карточка бюросы инспекторының көмекшісі, инспекторы қызметін мінсіз атқарады. 1949 жылы Отан алдындағы борышын Қиыр шығыстағы шекарада аға телеграфист болған. 1952 жылы оны Гурьев балық комбинаты басшылығы тамақтандыру жүйесі төрағаның орынбасары етіп тағайындайды. 1956 жылы Алматыдағы сатушы дайындайтын 2 жылдық мектепті бітіреді. Балықшылар кооперативі төрағасының орынбасарына жоғарлатылады. Өндірістен қол үзбей жүріп, Москвадағы тұтынушылар одағының институтын бітіріп экономист мамандығын алады. «Казкульторг» базасының, облыстық тұтынушылар басқармасының директоры қызметін атқарған. Сауда саласындағы 45 жылғы еңбегі елеусіз қалмай орден, медальдармен, әртүрлі грамоталармен марапатталған. 1992 жылы Балықшы аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы ретіндегі жұмысы бір төбе. ҚР мүгедектер қоғамының 2-ші съезіне қатысқан. Еңбек ете жүріп Балықшы аймақтық Соғыс және Еңбек ардагерлерінің алқа мүшесі болып, жастарға патриоттық тәрбие беруде тынымсыз еңбектенді. Жұмыскер поселкесінің бір көшесіне Рашид Мүтәлиевтің есімі берілдген. Жұбайы Күлбараш екеуі 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірген, ұлағатты ата-ана. Диляра-заңгер, , Ариясы-сауда саласында, Дәрежесі-п.ғ.к. доцент. Нұрланы-Ұлттық компания қызметкері, Нұржаны-жеке кәсіпкер, Ақылбегі-Атырауда кеден қызметкері. Он немересі мен жиендері, шөберелері желкілдеп өсіп келеді. Атырауда тұрады. |
Ғабдоллаұлы Әбуғали-1926 жылы дүниеге келген- қаламгер, шежіреші, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Ұзақ жылдар облыстық «Атырау» газеті редакторының бірінші орынбасары, кейін облыстық теледидар және радио хабарлары комитетінің төрағасы болады. Әбуғали және Қ.Ғабдешұлы екеуі бірлесіп, «Саржала», «Шынияз», «Нарынға Бөкей бастап өтіп еді», «Атыраудың ақиығы» кітаптарының авторы.Журналистердің бүкілодақтық 5 съезіне делегаты болып қатысқан. Жолдасы Орашева Мағырипа п.ғ.к. ұл-қыздары Атырауда тұрады.
|
Досқалиев Қайролла- 12 қаңтар 1926 жылы Бақсай ауданының 12- ауылында дүниеге келген. 1944 жылы Ұлы Отан соғысына әскерге алынып, соғыстың бар қиындығын көріп, аман-есен елге 1946 жылы 3-дәрежелі мүгедек болып оралған. Соғыстан кейін ауыл шаруашылылығында әртүрлі жұмыстар жасап, 1976 жылы зейнеткерлікке шығып, балаларының қызығын көріп отырған ардагер. Соғыста 2 орден, 5 медальмен марапатталған.Отбасында 2 ұл, 1 қыз немере-шөбере сүйіп отыр, Атырау қаласында тұрады. |
Насыров Ғилымғали 1937 жылы Тума ауылда дүниеге келген. Орта мектеп бітірісімен әкесіне көмекші болып, мал шаруашылығында еңбек жолын бастаған. Әке таяғын ұстаған озат малбегі, өндірістен қол үзбей жүріп Гурьев ауыл шаруашылығы техникумын тамамдайды. Ұзақ жыл Ленин орденді "Передовик" колхозында жылқышы болған. Жылма-жыл үздік табыстарға қол жеткізіп, аудандық, облыстық Кеңестің депутаты болып бірнеше рет сайланады. 1986 жылы «Қазақ ҚСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты» атанды. Ғилымғали облыс, аудан көлеміне танымал тұлға, жылма-жыл Өрлік селосында әлеуметтік аз қамтылған отбасы жанұяларына көмек қолын созып, ондаған бас мал үлестіріп меценаттық жасаған азамат. «Индер ауданының Құрметті азаматы». Балалары Өрлік ауылында тұрады. |
Сайханов Ғилымғали-1930 жылы Тумада дүниеге келген. Кулагин мектебін бітіргесін, 1952 жылы Қазақтың Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп, 1952-1955 жылдары Елтай орта мектебінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. Алматы Жоғары партия мектебін бітірген, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. 1955-1964 жылдары Есбол (Индер), Махамбет Гурьев облыстық партия комитетінде жауапты қызметкер. 1958-1962 жылдарда «Комунизм Туы» газетінде редактордың орынбасары, кейін сол газеттің редакторы, 1966 жылы «Ембі» газетінің редакторы болды. Бірнеше рет аудандық, облыстық Советтерінің депутаты болған танымал тұлға. Ұрпақтары Есбол, Елтай селоларында тұрады. |
Өтепов Сапарғали- 1930 жылы 9 қыркүйекте Есболауданы Тума ауылда дүниеге келген. Еңбек жолын 1945 жылы Коминтерн атындағы колхозда бастаған. Ол жетінші класты бітірген соң он бес жасында жылқышы болды.Ідіріс, Шәріп сынды еңбек ардагерлерінен үйрене, сабақ ала жүріп, зерделі де жігерлі жас жігіт мал бағуда ерекше ыждағаттылық, шеберлік көрсетті. 1945-1948 жылдары табындағы 150 жылқы, оның ішінде 50 биеден 50 құлын алуға қол жеткізіп, мал басын аман сақтап қалды. Он сегіз жастағы жас жылқышыға, СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1948 жылғы 23 шілдедегі Указы бойынша Социалистік Еңбек Ері мен Ленин орденін омырауына тақты. Ал 1951-1956 жылдары Орал қаласындағы үш жылдық ауылшаруашылығы мектебінде білім алды. 1956-1958 жылдары пішеншілер бригадирі, партияның жұмсауымен 1958 жылы жылқы және түйе фермасының меңгерушілігіне жоғарлатылды.Еңбекте майталман ағаларымен қатар ерен еңбек үлгісін көрсетіп, Ленин орденді «Передовик» колхозының өсіп өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқаны белгілі. Өтепов Сапарғалидың есімі Бүкілодақтық жастар ұйымының Құрмет кітабына жазылған. Балалары Өрлік ауылында тұрады, Индер ауданының «Құрметті азаматы". |
Қапанов Хисмет Қапанұлы- 1925 жылы 25 қарашада Орал облысының Жәнібек ауданында Азғыр ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі Қапан ұста болған. Руы Беріш-Жаңбыршы Себек. Хисмет Камен ауданының Кулакова орта мектебін үздік бітіріп, еңбек жолын тракторшы болып бастайды. 1943 жылы Ұлы Отан соғысына өз еркімен аттанып, Әскери Әуе десанты құрамында болған. Карель, Украин майдандарында, Венгрия, Чехия, Австрияны азат етуге қатысып, 28 рет жау тылына түскен, ержүрек барлаушы. Ерлігі үшін бірнеше орден, ондаған медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының тарих факультетін үздік бітіріп, 1950-1958 жылдары Ақтөбе қаласында, кейін Орал педагогикалық институтында дәріс берген. 1963 жылдан бастап Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтында жұмыс істеп, институтың негізін қалаушылардың бірі. С.М. Киров атындағы мемлекеттік университетінде 1962 жылы КПСС тарихы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған ғалым. Қазақстан тарихы бойынша жүздеген ғылыми басылымдардың авторы. Жолдасы Абдулова Батима Қожантайқызымен екеуі бір қыз екі ұл тәрбиелеп өсірген ұлағатты абзал ата-ана. Ұлдары Қайнар Хисметұлы – тарих ғылымдарының кандидаты, Хайдары – философия ғылымдарының кандидаты, Салтанат Талғатбекқызы- экономика ғылымдарының докторы. Олар М.В. Ломоносов атындағы ММУ- нің түлектері. Хайдар мен Салтанат ОХГ-ның негізін қалаған ғалымдар. 2014 жылы Орал халықаралық гимназиясына Хисмет Қапановтың аты берілді. |
Сатан Таңқашұлы Шөреев- 1925 жылы, 10 наурызда Гурьевте дүниеге келген. Гурьевте №3 мектепті бітіріп, 1941 жылы облыстық прокуратурада хатшы болған. 1942 жылы Оралда, Одесса жаяу әскер учелищесінде оқып, Украйна майданына түседі. Оңтүстік-Батыс майданында жарақаттанып, госпитальда бір жыл емделеді. 1944 жылы Челябинскде танк полк құрамында, 1945 жылдың аяғына дейін Шығыс Пруссияда 2-ші Белоруссия майданында танкист болады. Польшаны азат ету кезінде аяғынан жарақат алып, елге оралып, облыстық прокуратурада жұмысын жалғастырған. Алматы мемлекеттік Заң институтын бітіріп, 1949-50 жылы Новобогат ауданы прокурорының көмекшісі, 1950-53 жылы облыстық прокуратура басқармасының бастығы, 1953-64 жылы Жылой ауданы, 1964-74 жылы Атырау, 1975-85 жылы Балықшы ауданы прокуроры болған. С. Шөреев қызметін әділет (полковник) кеңесші шенімен аяқтайды, Қазақ КСРО еңбек сіңірген заңгері. «Ерлігі үшін», Ұ.О.С-ның 1-ші дәрежелі ордені мен 7 медальдыңиегері. Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткер 63 жасында дүниеден озды, Атырауда бір көшеге есімі берілген. |