Бас бет » Ел таныған Беріштер (31) |
Ел таныған Беріштер [31] |
Тәжіғалиев Елубай (Беріш - Есенғұл) 1941 жылы 13 қазанда Гурьев облысы Индер ауданы Жарсуат ауылында дүниеге келген. Мектеп бітірген соң Алматы зооветеринарлық институтына оқуға түсіп 1965 жылы бітіріп шығады. Сол жылы Алматы шет тілдері факультетінің түлегі Тәжіғалиева Тамарамен шаңырақ құрып, туып өскен ауылындағы Жамбыл кеңшарына зоотехник болып қызметке кіреді. Шаруашылықта мал басы санын көбейту, мал тұқымын асылдандырумен айналысып, 1969 жылы Гурьев облыстық партия комитетінің жолдауымен Мәскеу қаласында партия мектебін бітіреді. Содан кейін Ленинградта болған каракуль терісін сұрыптау, малды қалай бағып, бағдар беретін жиналысқа (следьқа) қатысып келеді. Жұбайы сол Жарсуат ауылында шет тілі, яғни ағылшын тілі пәнінен мұғалім болып жұмысқа орналасады. Үш ұл, екі қыз тәрбиелеген. Ұл қыздары әр саланың мамандары. 1970 жылы мал шаруашылығы жөнінде Алматы қаласында өткен жиналысқа шақырылып, асыл тұқымды мал басын көбейту бағытында істелген жұмыстары үшін Қазақ ССР грамотасымен марапатталады. 1979 жылы аудандағы «Переводик» кеңшарына бас зоотехник болып кызметке тағайындалады. Сол кезде 5 жылдық план дейтін болатын, соларды артығымен орындайтын. Жаңа келген мамандарға дәріс тәрбие, бағыт-бағдар беріп тәжірибелерімен бөліскен. Осы «Переводик» кеңшарынан зейнетке шығып 2009 жылы дүниеден өтті. |
Жұмағұлов Нудия (Байтілеу бөлімі) - 1927 жылы Тума ауылы, Есбол ауданы «Папанин» колхозында кедей шаруа Шоныш ұлы Жұмағұл жанұясында дүниеге келген. •1935-1942 жылдар аралығында Тума орталау мектебінде білім алған.
•1942-1947 жылдарда «Папанин» колхозында әр түрлі салада жұмыстар жасаған.
•1947-1951 жылдары Совет армиясы қатарында Ресейдің Челябинск қаласында әскери борышын өтеген.
•1951-1952 жылдары «Передовик» колхозының қой фермасында есепші болып жұмыс жасаған.
•1952-1955 жылдар аралығында Орал қаласындағы басшы кадрлер даярлайтын ауыл шаруашылығы мектебінде оқып, кіші агроном мамандығын алған.
•1955-1971 жылдары «Передовик» колхозында егіс бригадасының бригадирі, тауарлы сүт фермасының меңгерушісі жұмыстарында болған.
•1971 жылдан өмірінің ақырына дейін, 1985 жылдар аралығында Ленин орденді «Передовик» колхозында, соңынан совхозында бас агроном қызметінде жұмыс жасаған.
•1976 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын сырттай оқып, ғалым-агроном мамандығын алған. 1958 жылдан партия мүшесі.
«Құрмет белгісі» Орденінің, В.И.Лениннің 100 жылдығын атап өтуге шығарылған медаль иегері. Бірнеше рет Өрлік селолық, Индер аудандық совет депутаттығына сайланған. Жолдасы Жұмағазиева Айжан - «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған дәрігер, қазіргі уақытта зейнеткер, Атырау қаласында тұрады. Жанұяда 3 бала тәрбиелеп өсірген. Бәріде жоғары білімді, жанұялы, Атырау қаласында. Ұрпақ жалғасып, немері, шөберелері өсіп, жетілуде.
|
Телағисов Дабыс -еңбек жолын 1954 жылы Есбол ауданыны Индербор арнаулы комендатурасында комендант болып бастаған. Дабыс Қанатұлы Телагисов әр жылдары ауданымызда қылмысты іздестірубөлімінің аға оперативті қызметкері, ал 1966-69 жылдары аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы жұмыстарын да табысты атқарғанын білетінбіз. «Советский милиционер Дабыс Телагисов» атты мақалада бұл жайлармен қатар жерлесіміз туралы басқа да көптеген мәліметтер келтіріліген. Жалпы 1976 жылы денсаулығына байланысты атқарып жүрген жұмысынан босағанподполковник Д.Телагисовтың ерлікке толы өмір жолынан бүгінгі жастардың үйренері аз емес. -Менде Дабыс аға туралы жазылған Алматыдан 1967 жылы шыққан «Көк шинельділер» деген кітап бар. Оған кілең ішкі істер бөлімінде еңбек етіп жүргенде ерлік жасағандар туралы мәліметтержинақталған. Сол кітаптың 189 бетінде «Жизнь на волоске» деген бөлімі Дабыс Телагисовтың қасындағы капитан Жолдас Сисенов екеуінің қауіпті рецидивисті ауыздықтау кезіндегі көрсеткен ерлігі бейнеленген,-деп еске алады Мысыров Хами ағамыз....1926 жылы туған қос жігіт әскер қатарынан оралысымен еңбек жолын да тәртіп сақшысы болып бірге бастайды, тіпті КПСС қатарынан да біргеқабылданады. Құқық қорғау саласына қажетті заңды да бірге игерген екі жастың бірі капитан Жолдас Сисенов пен майор Дабыс Телагисов Гурьев облысы Балықшы аудандық ішкі істер бөлімінде бірге жұмыс жасаған. 1965 жылы 7 қыркүйектегі түндебір күдіктінітексеру барысында бұларды итеріп жіберіп қашады. Бірақ қашқын құтылмасын білді ме қаруын суырыпалып бұларға қарай оқ жаудырады. Оқ Дабыстың қолына, Жолдастың кеудесіне тиеді. Жаралы болса да,сол маңға келген тұрғындардың көмегімен қарулы бандитті ұстайды. Сөйтіп, кәнігі ұры ауыздықталады. Осы ерліктері үшін қос офицер КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен наградталғанды.Ішкі істер бөлімінде істеген жылдары Д.Телагисов ҚазКСР II министрлігінің 12 медалімен наградталып, Құрмет кітабына есімі енгізілген. Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен, тағы да басқа бірнешенаградалармен марапатталыпты. Дабыс ағаның 1969-1973 жылдардағы Өзен аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы болғандағы жұмыстарын әріптестері әлі күнге аңыз қылып айтатын көрінеді. Маң далада жаңа ашылған ауданның ішкі істер бөлімін ұйымдастырғанқызметкердің мазасыз тірлігін таңдана да тамсана баяндаған мақаласында, оны, (1972 жылы одақтық «Советская милиция»» журналында) милиция полковнигі А.Никольский егжей-тегжейіне дейін баяндапты. Жаңа ауданның қоғамдық тәртібін сақтауға жиналған 18 милиция қызметкері өз міндеттерін мінсіз атқарғанымен қоймай, өздеріне кеңсеғимаратын салып, айналасын жасыл желекке айналдырған.Бұл аудандағы алғашқы жасыл желек болатын деп тамсана жазды. Өйткені, өз мамандықтарына шын берілген Б.Қапашев, М.Қуанов, М.Ибраев, М.Шәріпқалиев, С.Нәженов, Б.Рамазанов, т.б. қызметкерлер Дабыс Тегалисовтың басшылығымен біркісідей жұмыла еңбек еткен-ді. Кейіннен Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасына басшылық жұмысына ауысты, Индер, Махамбет, Балықшы және Теңіз аудандарында да табысты еңбек еткенінәріптестері, К.Асанов,К.Ғабдуллин, К.Келджанов, Р.Құлжігітов, С.Құрманқұлов, Х.Мысыровтар айтып жүр. «Оның еңбек жолы туралы мәліметтерді біздің Индер аудандық ішкі істер бөліміндегі ерлік даңқы бөлмесіне жинастырып қойылды»,-деген болатын ардагерлер кеңесінің төрағасы.Тәртіп сақшысының мазасыз тірлігін бір кісідей-ақ бастан өткерген ДабысҚанатұлы жұбайы Оксана Мусиевна екеуі отбасында алты ұл тәрбиелеп өсірген. Жұбайы да ішкі істер бөлімінде жұмыс істегендіктен де болар, олар бірін-бірін жоқтатпай ұрпақ тәрбиесіне аса мұқият қарауға ұмтылады. Маңғыстау облыстық ішкі істер саласының қызметкерлері мен ардагерлері Отан алдындағы антына адал болудың шынайы үлгісін танытқан әріптестері Дабыс Телагисовты қалай ардақ тұтса, оған индерліктер де орынды мақтаныш сезімін білдіреді. |
Тұқпатов Жәнібек Зәйденұлы-1970 жылы 10 қазанда Атырау қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Атырау педагогикалық университетінің «Денешынықтыру» мамындығын, 2013 жылы Атырау Мұнай және Газ институтының «Мұнай және газтасымалдау» мамандығы бойынша бітірген.Жәнібек10 жасынан бастап самбо күресімен айланысқан. Самбо күресінен Қазақстан біріншіліктерінің бірнеше дүркін жүлдегері атанған. Бүкілодақтық жарыстардың жеңімпазы, жүлдегері болды. Қырғызстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы. Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласында өткен самбо күресінен бүкілодақтық (всесоюзный) жарысының жеңімпазы (мастерский турнир). «Мастер спорта СССР» атағын бірнеше рет қорғады. Қырғызстан Республикасының «спорт чебери» атағы берілді. Жанұялы зайыбы Гүлбаршын, бір қыз, екі ұл тәрбиелеп отырған үлгілі от басы. |
Алпатанов Сағын- Ұлы Отан соғысы жылдарында ұлы Жеңісті жақындатуға үлес қосқан тыл еңбеккері. «Қосшы» ұйымының, Махамбет ауданының тұтынушылар қоғамының, ауылдық Кеңестік төрағасы, хатшысы, ұжымшар төрағасының орынбасары, «Алғабас» ұжымшары партия ұйымы хатшысы болған. Майданға танк колоннасын жасатуға жеке өзі 60 мың, ұжым мүшелері 270 мың ақшалай қаржы жинап тапсырған, сол үшін Жоғарғы Бас Қолбасшының Алғысына ие болған. |
Сатқанов Сағат Мұхитұлы- 1956 жылы, 1-ші көкекте Тумада дүниеге келген. Әкесі Мұқит 1929 жылы Тума ауыл кеңесінде туып, ғұмырын Ленин орденді «Передовик» ұжымшарында жылқышы болды.Сағат 1963-1973 жылдары Өрлік орта мектебін бітіріп енбек жолын «Передовик» ұжымшарында жылқышы, 1974-75 жылдары Атыраудағы № 12 кәсіптік техникалық колледжде, электр құрылғыларын құрастырушы мамандығын алған. 1975-78 жылдары Солтүстік Әскерей Теңіз Флотында борышын өтеп, Атыраудағы ГНХС мекемесінің ЖКО-сында электрик болып жасады. 1978-79 жылдары Алматыдағы КазПТИ-дің дайындық курсынан кейін, 1979-84 жылдары, Алматы Сәулет құрылыс институтын, сәулетші мамандығы бойынша бітірген. 1984-1993 жылдары Атыраудағы «КАЗЗАПСЕЛЬПРОЕКТ» кейіннен «УРАЛЬСКГОРСЕЛЬРОЕКТ», «АТЫРАУЖОБА»жобалау институтында қатардағы сәулетшіден, бөлім бастығы лауазымына дейін жеткен. 1993-2001 жылдары әртүрлі коммерциялық құрылымдарда қызмет етіп, 2000 жылдан бастап лицензия алып, сәулет құрылыс саласында жобалаушы кәсіпкер болып еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішіндегі кәсіпкерлік саласында қол жеткізген творчестволық жетістіктері Атырау қаласы сәулетіне қосқан үлесі үшін «Қазақстанның құрметті сәулетшісі» төсбелгісімен марапатталған. Сәулет саласындағы туындыларын интернеттегі; www. archisat.kz сайтынан көруге болады
|
Тұхпатов Бауыржан Зәйденұлы- 1967 жылы Атырауда дүниеге келген. 1985 жылы №18 орта мектепті бітірген жылы Ивановодағы В.И.Ленин атындығы энергетикалық институтқа түскен. 1986-1988 жылдарда Кеңес армиясында Отан алдындағы борышын өтейді. 1992 жылы институтты аяқтағаннан кейін «Атырауэнерго кәсіпорнына Орталық рельелік қорғау, автоматика және өлшеу қызметіне инженер болып қабылданған. Өндірістен қол үзбей 2005 жылы Атырау Мұнай және Газ институтының «Экономика және Мұнай Газ саласындағы кәсіпорындарда басқару», инженер-экономист мамандығын алған. 1992-97 жылдарда бастығының орынбасары, 2000 жылы «Атырау РЭК» АҚ-да Өндірістік-техникалық қызметі бастығы бас инженерінің орынбасары, 2004 жылы «Атырау-Жарық» АҚ-да бас метролог, 2004-2006 жылы Бірінші тете-президенттің орынбасары, 2006-2013жылы «ОблТрансГаз» КМК-да бас директор қызметін атқарған. 2013-14 жылдарда Жылой, Махат аудандары әкімінің орынбасары болды, 2007-13 жылдары Атырау қаласы мәсихатының 4-5 шақырылуының депутаты болды. 2010 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімімен техника ғылымдарының кандидаты дәрежесі берілді. Елбасының «Алғыс хаты», «Нұр Отан» ХДП алғыс хатымен және 2009 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 2010 жылы «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» атағы, « Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі, 2012 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталды. Өмір сүру қауіпсіздігі және Экология халықаралық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі. «М.В. Ломоносов» атындағы медалдің иегері. 2013 жылдан «Атырау Мұнай және Газ институтының» Қамқоршылық кеңесінің төрағасы. Жанұялы, зайыбы Гүлшат Сисенқызы екеуі 3 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы, Атырауда тұрады. |
Әлия Бекежанқызы Дәулетбаева-1977 жылы 14 қарашада Өрлік ауылында дүниеге келген. Х. Досмұқамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты. Б.Момышұлының 100 жылдығына арналған «Мен Бауыржанды жырлаймын», Төле бидің 350 жылдығына арналған жыр мүшәйрасының жүлдегері. Халықаралық «Шығыс шынары» жыр мүшәйраларының Т. Ысмайлов атындағы сыйлығын иеленген. Өлеңдері «Ақберен», «Жанартау» ұжымдық жинақтарына енгізілген. Республикалық «Қазақ әдебиеті», «Тұмар», «Жамбыл», Ақжайық», «Алтын орда», т.б. басылымдарда жарық көрген. Әлияның 2013 жылы « Сол бір сәуле» өлеңдер жинағы жарық көрді. Қ. Абақанұлы атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Өрлік селосында тұрады.
ФАРИЗАҒА! Армысың апа, Бармысың апа, байсалдым. Жырыңмен отты оясыздарға ой салдың, Албырт жандардың жалын арманын маздатты, Сіздің қаламнан қастерлі сезім, қайсар мұң. Сәттерде кейбір сәбише өксіп көз ілген, Жырыңнан ылғи жұбаныш, апа, іздеймін. Тосқауыл болмай телегей-теңіз сезімге. Тентек жүрекке терең сүңгіді сіздей кім! Тілдестім сізбен, Жанарда жауһар-шық тұрды. Көлгерсу емес, шыбын жанымдай шын сырым. Асқақ сезіммен, сіздей кім, апа, ұқтырды, Қыз-ғұмырлардың тұңғиығы мен тылсымын. Бір тілің –Шындық! Енді бір тілің –Уақыт, Алайда сыршыл нәзіктігіңді сағындым. Жүрген жайым бар өзімді-өзім жұбатып, Жырыңмен сенің, жыртығын жамап жанымның.
Жарқ етіп келдімдүниеге мынау жасын боп, Жырымнан сосын жарық жалғанға шашылды от. Құныққандар мен құныкерлердің қоғамы, Мұңымды артып қайтейін саған масыл боп.
Шатырым-аспан, жер үсті- менің баспанам, Бөлектеу дастан бастағым келді басқадан. Ажалды пенде баса алмас асқақ кеудемді, Жаратушының әмірі ғана жасқаған. Сардар далама сыймай өтермін, сірә, мен, Сөздің киесі-ұятым, арым, күнәм ең, Өнердің құны бір тиын болған заманда Өлермендікпен өртеніп жаздым бір өлең. Зәулім үйлермен өлшеніп барлық құндылық, Шерменде шындық шегенде қалды шыңғырып. Ұятсыз түске боянған кезде жыр-әлем, Ұлтым деп жылап жыр жазунеткен жындылық!... Тіміскің көп қой түбіне жеткен тектінің, Керанау қоғам, сондықтан саған кектімін. Есіл ерлердің есесі кеткен дүние, Жарылқайтұғын әлі де сенің жоқ түрің. |
Аманғалиева Ұлдай-1938 жылы 24 тамызда Тума ауылында дүниеге келген. Әкесі Сүйіналиев Аманғали Индер руднигінің бірінші рудкомы болған, әнші «Тілеуқабақ» әнін Мәскеуде шырқаған екен. 1946 жылы «Алғашық» ауылында 1-4 сыныпты, 5-9 сыныпты Индерде, 10 сыныпты Гурьевте Абай орта мектебінен бітірген. Алғашқы еңбек жолын Гурьев балық консерв комбинатында жұмысшы болып бастайды. Жастайынан әнші атанған Ұлдай көркемөнерпаздар үйірмесіне қатыса жүріп, әншілігімен елге танылады. Ең алғаш үлкен сахнаға «Баянауыл» әнімен шығып, әнші болып таныла бастайды. Бүкіл Дүниежүзілік жастар мен студентердің 6-шы фестивалінің 1957 жылығы дипломанты. Өнердегі ұстазы А.Ф. Хмель болатын. 1960 жылы «Ән қанатында» атты киноға түсіп, республика жұртшылығы жылы қабылдады. Аудан мәдениетінің бастауында осы сала ардагерлері Абдолла Мусағалиев, Ә.Есқалиев, Қанапаш Махметова, М. Қарасаев, Қ.Өмірбаева, М. Есқазиев, Т.Үсенғалиев, Қ.Қарақұлов есімдерімен қатар, «күміс көмей" әнші Ұлдай есімі аудан тарихында алтын әріппен жазылды. Ұлдай апа республикалық, облыстық, аудандық байқауларының гран-при жеңімпазы, Бүкіл одақтың фестивалінің 3-дүркін лауреаты атанды. 1971 жылы 7 өлеңі пластинкаға жазылып алынды. Автоклуб меңгерушісі, аудандық мәдениет үйінің әдіскері міндеттерін абыроймен атқарды. 1992 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағы берілді. Еңбек демалысында бола тұра «Ару – ана» әжелер тобын ұйымдастырып, талай тамаша концерт беріп, байқауларда жеңімпаз атанды. Өзінің шығарған «Өрлеу» атты күйі бар, оны домбырашы Нысанов Серік орындап жүр. Жеңістің 70 жылдығында «Ардагерлер әуені» фестиваліне қатысып, «Шаттық көңіл» термесін орындады. Қазір республикалық дәрежедегі зейнеткер, «Индер ауданының құрметті азаматы», Индерборда тұрады. |
Ибрайым Жақияұлы 1936 жылдың 24 сәуірінде Горы ауылында дүниеге келген. 1946 жылы Толыбай мектебінде 1-сыныпқа барып, 2-7 сыныптарды Горы жетіжылдық мектебінде, 8-9 сыныпты Жамбыл атындғы орта мектепте, 10 сыныпты 1955-56 жылы Елтай орта мектебінен бітірген.1956-59 жылдары Ақтөбедегі №91 кең ауқымды а/шучилищесін үздік бітіріп, «Тракторист-комбайнер» мамандығын алған.1959-1962 жылдары әскер қатарына алынған. 1962 жылы Индердегі автобазаданIII классты шофер мамандығын алып шығады. 1962-1966 жылы Горы орталау мектебінде интернат тәрбиешісі, мұғалім. 1966-1971 жылдары Аманкелді с-з аккумуляторшы, тракторшылар бригадирі, кадр бөлімінің инженері, 1971 жылы Ленин атындағы орта мектепте тарих, дене тәрбиесі, бейнелеу өнері, өндірістік оқу пәнінің мұғалімі, класстан тыс тәрбие жұмыстарының меңгерушісі болып жұмыс жасайды.Гурьев педагогикалық институтын бітірген. «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. Ақын, жүзден аса туындылары мен көлемді өлең-очерктері баспасөз бетінде жарық көріп, оқырман қауымнан оң бағасын алған. Жұбайы Сәнния екеуі бір қыз,екі ұл тәрбиелеп өсіріп, олардан жеті немере, үш жиен көрген ата. Жан әке. Шарпылтып жердің бетін жалын-өртке, Шерлетіп адамзатты қайғы-дертке. Сұрапыл басталғанда қанды соғыс, Бала едім шығып тұрған үштен төртке. Сол соғыс талай туыс жанды айырған, Қазақ ең қарапайым мал қайырған. Қорғауға өз еліңді, Отаныңды, Сол жылы сен де аттандың Толыбайдан. Жан әке, сол кеткеннен оралмадың, Ұяңа ұшқан қайта қона алмадың. «Көрсем деп қызығыңды» айтушы едің, Қалды ғой орындалмай ол арманың. Оралды елге солдат, жауды жеңді, Деп күттік сені дағы келер енді. Көрініп кетсең қайтеді ең болмаса, Бір искеп маңдайынан немереңді.
9 мамыр 1975 жыл
Асыл анам. Жан анам, ардақты анам, Ешқашан қиындыққа жасымаған. Қайткенде борышыңды өтер екем, Әлпештеп арқаңа сап асыраған. Кездесіп фашизмдей кесірге анық, Әкеден қалдым мен де бесімде анық. Жан ана, сен де тарттың, жан азабын, Жиырма жеті жасыңда жесір қалып. Бірақ сен қиындыққа мойымадың, Дау айтар шек келтіріп оныңа кім. Жоқтатпай әке орнына әке болып, Өсірдің дарытпай-ақ бойыма мін. Болса да ары таза, баталы жан, Оралмай әке кетті сапарынан. Жарыңнан қалған мұра жалғызыңды, Баулыдың кем қалдырмай қатарынан. Кездесті жоқшылықтың қандайы да, Жол шектің жердің алыс шалғайына. Деуші едің: «кірген тікен табаныңа, қадалсын менің дағы таңдайыма». Көп болды ел ырысқа кенелгелі, Қосылып біз қатарға теңелгелі. Не пайда табиғаттың қатал заңы, Айырды мәңгілікке сенен мені. Сен едің панасы мол асқар адам, Қамқоршы қайда өзіңдей басқа маған. Төрт бөліп түн ұйқыңды еміренген, Қайтенде ақ сүтіңді ақтай алам.
Соңғы қоңырау Күміс күн көктен құйғанда нұрын елжіреп, Он жыл бұрын тұлымшақ шаштарың желбіреп. Гүл ұстап дәл осы жерде тұрдыңдар, Сәбилік оймен қарақат көздерің мөлдіреп. Содан бері өтіпті жылдар дүрмекпен, Уақыт, шіркін, осындай сен жүрдек пе ең?! Міне, бүгін соғылды соңғы қоңырау, Тағы да бүгін қарап тұр күліп күн көктен. Он жыл бойы білімге қандық нәр алып, Өтіп те кетті бал дәурен, шатты балалық. Күтіп тұр алда ұлы еңбек атты зор майдан, «Нұрлы жол» құрылыстары – сан алып. Ер жеттің бүгін кәмелетке толып есейіп, Еңбекке кіріс, сыбанып білек, төселіп. Қайда жүрсек те Отанның адал ұлы боп, Ақ жүрек, адал азамат болып өсейік. Елтай ауылы, 2014 жыл. |